ТҰРАР РЫСҚҰЛОВ ЖӘНЕ АШАРШЫЛЫҚ АҚИҚАТЫ
DOI:
https://doi.org/10.54251/2708-0897.2024.4.31qazAbstract
ХХ ғасыр басында Ресей империясында орын алған түбегейлі өзгерістер,
ұлт-азаттық күресі мен Алаш қозғалысы, алпауыт мемлекеттер мен отар елдер
арасындағы асқынған қайшылықтар Ұлы даланың интеллектуалды тарихын
бұрын-соңды болмаған биік деңгейге көтерді. Тарих сахнасына туған
халқының ғана емес, жеті жұрттың қамын жеген тұлғалар көтерілді. Осы
жұлдызды шоғырда ерекше көзге түскен топжарғандардың бірегейі Тұрар
Рысқұлов еді.
Қысқа ғұмырында ол бірнеше рет ашаршылық қасіретімен бетпе-бет
келді. Әсіресе, қазақты халық ретінде жойып жіберуге шақ қалған 1931-1933
жылдарғы ашаршылық тұсында кімнің дос, кімнің қас екені анық көрінді.
Сын-қатер Тұрардың көрегендік, қайраткерлік, жасампаздық, қасиетін,
қайтпас қайсар мінезін ашты.
Ал 1932/1933 жылдары Сталинге, Молотовқа, Кагановичке, Мирзоянға
т.б. кеңес басшыларына жолдаған хаттары мен қызметтік жазбаларының
танымдық, ақпараттық, ғылыми маңызы зор.