Көшпенділердің рухани болмысының құндылық аспектілері
DOI:
https://doi.org/10.54251/2522-4026.2025.7.25qazТүйінді сөздер:
көшпенділер, Дала өркениеті, рухани құндылықтар, табиғат және адам, адам сапасы, ұлттық өнер, ауыз әдебиеті, ұлт болмысы.Аннотация
Көшпенділер тақырыбы әлемдік және отандық тарихшылармен, басқа да әлеуметтік-гуманитарлық сала ғалымдарымен біраз деңгейде зерттелген. Көшпенділердің адамзат өркениетіне қосқан үлестері туралы да сан-алуан пікірлер бар. Алайда, бір нәрсе анық – көшпенділер тек өздеріне ғана тән, ерекше рухани-мәдени, шаруашылықты кәсіби болмыстарын қалыптастырған халық. Бүгінгі қазақ халқына тән рухани саладағы ерекше үлгілер мен жетістіктер де өз бастауларын көшпелілер болмысынан алады.
Автор мақаласында мәселенің осы жағына – көшпенділер өмір-салтының рухани құндылықты қырларына - дүниетанымдық тұрғыдан талдау жасайды.