ҰЛТТЫҚ ОЮ-ӨРНЕКТЕРДІ ЖАСАНДЫ ИНТЕЛЛЕКТ АРҚЫЛЫ ЖАҢАША БЕЙНЕЛЕУ

Авторлар

  • Мәлік М.М
  • Болысбаев Д.С
  • Мұхтар А.А

DOI:

https://doi.org/10.54251/2522-4026.2026.29.21qaz

Түйінді сөздер:

ұлттық ою-өрнек, жасанды интеллект, этнодизайн, мәдени код, генеративті дизайн, визуалды мәдениет, цифрлық өнер, интерпретация

Аннотация

Мақалада ұлттық ою-өрнектерді жасанды интеллект технологиялары арқылы заманауи форматта бейнелеу мәселесі жан-жақты қарастырылады. Зерттеу ұлттық мәдени кодты сақтай отырып, цифрлық визуалды шешімдер қалыптастырудың теориялық және тәжірибелік мүмкіндіктерін талдауға бағытталған. Жасанды интеллект негізіндегі генеративті модельдер дәстүрлі ою-өрнектердің құрылымдық, ырғақтық және семантикалық ерекшеліктерін анықтап, оларды жаңа композициялық шешімдерде ұсынуға жағдай жасайды. Сонымен бірге мақалада алгоритмдік модельдеу нәтижелерін мәдени тұрғыдан саралау қажеттілігі көрсетіледі, өйткені мағыналық тұтастықты сақтау адам шығармашылығына байланысты. Теориялық бөлімде ұлттық өрнектің символдық табиғаты мен мәдени код ұғымы талданса, тәжірибелік бөлімде цифрлық жүйелеу және интерпретациялық дизайн кезеңдерінің нәтижелері сипатталады. Сондай-ақ авторлық жауапкершілік, мәдени мұраны цифрлық ортада ұсыну этикасы және ұлттық бірегейлікті сақтау мәселелері қарастырылады. Зерттеу қорытындысы жасанды интеллекттің ұлттық мұраны механикалық көшіру құралы емес, оны жаңаша пайымдауға мүмкіндік беретін шығармашылық платформа екенін дәлелдейді.

Загрузки

Жарияланды

2026-03-05

Шығарылым

Бөлім

БЕЙНЕЛЕУ ӨНЕРІ ЖӘНЕ ДИЗАЙН (КӘСІПТІК БІЛІМ)