Құрметті әріптестер!

2023-06-13

Мұхтар Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінің
«QAZAQTANÝ» республикалық ғылыми журналдың редакциясы

2023 жылы наурыз айында ғылыми басылымының 1 (17) 03 / 2023 саны жарыққа шыққаны туралы хабарлайды.
 

Ғылыми басылымға «Тарих және этнология» ҒО-ң «Қазақ халқының тарихы мен этногенезі» сериясында Ұлы ақын, 1885 жылы Қарамола жеріндеге Ұлы ойшыл, ақын, ағартушы «құрметті қазақ» атағына иеленген Абай (Ибрахим) Құнанбайұлының қатысуымен қабылданған «Қарамола Ережесі» заң жүйесінің орыс тілінде аударылған тексті жарияланды. Биылғы жылы 2023 жылы Қазақ-жоңғар соғысындағы 300 жыл толған «Ақтабан шұбырынды, Алқакөл сұлама» тарихи оқиғалары және Абылай ханның билігі мен саяси процестер туралы ғылыми зерттеулер, қазақ этнографиясына байланысты зертеулер, Қазақстанның қазіргі этномәдени бірлестіктердің жағдайы туралы жас ғалымдардың зерттеулері, сонымен қатар жастардың тәрбиесіндегі қазақ отбасылық дәстүрлері жайында, экономика, педагогика, тіл мәселесіндегі лингвистикалық процестері туралы ғылыми зерттеулер жарияланды.

Атап айтқанда, республика бойынша Алматы, Қарағанды, Астана, Түркістан облысының, Шымкент өңірінен сонымен қатар, Өзбекстан, Түркия мемлекеттердің ЖОО ғалым-педагогтары, ғылыми қызметкерлер, докторанттар, магистранттар және бірлескен ғылыми-зерттеу жұмыстардың нәтижесімен орта білім өкілдерінің мақалалары жарыққа шықты.

Бұл шаралар «Қазақтану» ұлттық жобаның ғылым саласындағы жаңа бағыттарды игеру мен қатар, ғылыми-әдістемелік контенттерді сапаландыру және университеттің өңірлер мен шетел әлеуетіне жаңа бағыттардың ашылуына ықпалын етеді. 

Редакция атынан келген «Наурыз» мерекесімен авторларды құттықтаймыз және баршаларыңызға ғылыми әріптестікте жасалған жобалар үшін алғысымызды білдіреміз.  

Толық ңұсқасы осы күндері сайтқа орналастырылады және РИНЦ базасына, ҚР «Ұлттық кітапханасы» қорына енгізіледі. Қазақстан өңірлерінен «Қазпошта» АҚ журнал мен газеттер каталогы арқылы жазылған Қазақстан бойынша мекемелерге таратылады

Ғылыми басылымға сілтеме

https://drive.google.com/file/d/1Jm-2-2uHJpQBDGNiHMTRmsdlOOShKK--/view?usp=sharing