М.Әуезов ОҚЗУ «Тарих және этнология» ғылыми орталығында жүргізілетін QAZAQTANÝ» республикалық ғылыми журнал ІІ тоқсанда 2(26)06/2025 саны жарыққа шыққаны туралы хабарлайды.
М.Әуезов ОҚЗУ «Тарих және этнология» ғылыми орталығында жүргізілетін QAZAQTANÝ» республикалық ғылыми журнал ІІ тоқсанда 2(26)06/2025 саны жарыққа шыққаны туралы хабарлайды.
Ғалымдар қауымы 2025 жылы Қазақстан Республикасы мерейлі даталардың ішінде атақты Қазақ Елінің Ұлы ғалымы тарихшы, географ, этнограф, шығыстанушы Шоқан Шыңғысұлы Уәлихановтың 190 жылдығын атап өтуіне байланысты ғылыми зерттеулер жүргізіп, мақаласын ұсынды. Сонымен қатар, ағымдағы басылымда журнал редакциясы мұрағат материалдарының негізінде XIX - XX ғасырдың басындағы поляк диаспорасының Түркістандағы қайырымдылық қызметі, Шымкент және Түркістан облысы азаматтарының ұлы отан соғысындағы жеңіске қосқан үлесі туралы, 1841-1845 жылдардағы Отан соғысы жылдарындағы кеңес немістердің құқықтық жағдайы мен өмір сүру жағдайларының өзгеруі (Өзбекстан немістерінің мысалында), тарих сабағында көркем шығармамен жұмыс істеу әдістері, экскурсиялық жұмыстың педагогикалық ерекшеліктері, қазақ әдеп жүйесінің парадигмасының ерекшеліктері, көркемдік мұра - мәңгілік құндылық туралы, әлемдік мәселелерде Орталық Азиядағы «үлкен ойын» геосаяси жобасы: тарих және қазіргі жағдайы, 2023-2025 жылдарының мысалы бойынша Өзбекстанда еңбек көші-қонының жаңа тенденциялары, халықтың демографиялық процестері Бұхара Әмірлігінің оңтүстік аудандары, қазіргі қалалық диалектінің этимологиялық тамырлары мен төркінін зерттеуі, Қазақстанда грек жаңғағы және асқабақ дәнімен байытылған мектеп жасындағы балаларға арналған ет жартылай фабрикаттарының технологиясын әзірлеу және педагогика саласында жалпы білім беру пәнін кәсіпкерлік пәнін оқытудың тиімділігі, болашақ инженерлердің кәсіби-тиісті құзыреттерін қалыптастыру және арнайы педагогтарды кәсіби оқытуда жобалық технологиясын қолданудың аспектілері мен өңірдің әлеуметтік-экономикалық жобалары бойынша құнды материалдар жариялады.
Редакция барлық республикалық және шетел авторлары мен серіктестерге ғылыми жаңалықтармен бөліскені үшін, жасалған біріккен жобалар үшін алғысын білдіреді және толағай табыстар тілейді. Басылымның толық нұсқасы https://qazaqtany.auezov.edu.kz сайттағы мұрағатына орналастырылады және РИНЦ, КИНЦ, IP Smart базасы, ҚР «Ұлттық кітапхана» қорына енгізіледі.