«Ғылыми тағылымдамаларды дамыту және ғалымдардың жобалық қызметіне қолдау» ғылыми семинар

2025-06-12

М.Әуезов атындағы ОҚЗУ «Тарих және этнология» ғылыми орталығы Өзбекстан жоғары оқу орындарының гуманитарлық ғылымдар саласындағы М.Ұлықбек атындағы ӨзбҰУ, Самарқанд Шет тілдері МИ, Низами атындағы ӨзбҰПедУ, Джизақ политехникалық институтының, Термез МИ жетекші кафедралардың, ғылыми орталықтар мен зертханалардың педагог-ғалымдарымен Орталық Азия елдерінің тарихы мен этнологиясының, философиясының, этносаясатының, этнопедагогика мен этнопсихологияның өзекті мәселелері, Түркі әлемі елдерінің ғылымы, білімі мен мәдениетінің өзара іс-қимылын зерттеу, 2024-2025 оқу жылыныың қорытындысында «Тарих және этнология» ҒО ұйымдастырған ғылыми тағылымдамалар мен біліктілікті арттыру курстарының тиімділігі, кейінгі жылдарға арналған бірлескен ғылыми-зерттеу жұмысының тұжырымдамалық және перспективалық жоспарларын әзірлеу, республикалық және халықаралық деңгейдегі авторлық ұжымдар үшін «QAZAQTANÝ» журналында жариялау қызметін сапалы және өзара тиімді дамыту жөнінде жыл сайынғы ғылыми семинарын өткізді.

Айта кету керек, «Әлеуметтік-гуманитарлық ғылымдар» ҒЗИ ғылыми орталықтары гуманитарлық бағыттағы кафедралармен және Auezov_university Ақпараттық білім беру орталығымен белсенді жұмысында жаңа бағыттардың дамуына, сондай-ақ магистранттар мен докторанттардың, Қазақстан, Өзбекстан, Қырғызстан, Әзірбайжан,Түркия, Моңғолия, Ресей ғалым-педагогтары арасында жобалық қызметті жетілдіруге белсенді ықпал етеді.