М.Әуезов атындағы ОҚИУ «Тарих және этнология» ғылыми орталығы «QAZAQTANÝ» республикалық ғылыми журналының IV тоқсандық нөмірі 4 (28) 12 /2025 жарияланғаны туралы хабарлайды.
М.Әуезов атындағы ОҚИУ «Тарих және этнология» ғылыми орталығы «QAZAQTANÝ» республикалық ғылыми журналының IV тоқсандық нөмірі 4 (28) 12 /2025 жарияланғаны туралы хабарлайды.
Гуманитарлық-педагогикалық және шығармашылық бағыттағы педагог-ғалымдар, жас ғалымдар жүргізетін ғылыми-зерттеу жобаларының нәтижесінде журналға республика және шетел магистранттары мен докторанттардың ғылыми мақалалары енгізілді. Нөмірде Заки Валиди Тоғанның Алаш қайраткерлерімен саяси өзара іс-қимылының тарихи деректері, А.Бөкейхановтың еңбектеріндегі қазақ халқының дәстүрлі шаруашылығын жаңғырту мәселелері, «ширкаты» - Түркістанның отаршылдық кезеңнің экономикалық феномені, ежелгі Орта Азияның археологиялық ескерткіштеріндегі жылқы олжаларын түсіндіру, БАҚ цифрлық этномедиатор ретінде: коммуникация ерекшеліктері, әлемдік философияда Түркі философиясының рөлі, бизнес-процестерді басқару және цифрлық трансформация модельдері: Қазақстанның тәжірибесі, әлеуметтік желілер бизнестің стратегиялық құралы ретінде, халықаралық алаңдарда білім беру бастамалары, қазіргі заманғы (TikTok, youtube, instagram) медиада қазақ фольклорының көрінісі Түркістан облысы бейнелеу өнері музейінің қорындағы Қазақстан суретшілерінің туындыларына өнертану талдауы, «Тайқазан» картинасы - ұлттық мәдени құндылық, шығармашылық индустрия мамандарын даярлаудағы иммерсивті технологиялар: әлеует пен сын-қатерлер, портреттік жанрдағы жады мен дәстүрдің көркемдік көрінісі туралы мақалалар жарияланды. Редакция құнды ғылыми мәліметтер берген, сондай-ақ 2024-2025 жылдары ғылыми тағылымдамаға қатысып, ғылыми жаңалықтармен алмасу, пәнаралық байланыстар үшін бірлескен жобалар құруда барлық республикалық және шетелдік авторларға алғысын білдіреді және одан әрі ғылыми жетістіктерді тілейді. Басылымның толық нұсқасы сайттағы мұрағаттарда орналастырылған https://qazaqtany.auezov.edu.kz РИНЦ, КИНЦ, IP Smart, ҚР «Ұлттық кітапхана» қоры деректер базасына енгізіледі.

