М.Әуезов атындағы ОҚЗУ «Тарих және этнология» ғылыми орталығы «QAZAQTANÝ» республикалық ғылыми журналының - 1 (29) 03 / 2026 2026 жылдың І тоқсандық нөмірінің жарыққа шығарғаны туралы хабарлайды.

2026-03-05

М.Әуезов атындағы ОҚЗУ «Тарих және этнология» ғылыми орталығы «QAZAQTANÝ» республикалық ғылыми журналының - 1 (29) 03 / 2026 2026 жылдың І тоқсандық нөмірінің жарыққа шығарғаны туралы хабарлайды. «Құрылтай сөзі - ұлттық код» деп, журналдың кіріспе бөлімінде тарихшы Қ.Анарбаев ашты. Биылғы жыл - ел тарихында «алтын әріптермен» жазылатын беттерінің бірі болғалы тұр. 15 наурызда ата заңымызға қатысты жалпыхалықтық референдум өтеді. жаңадан ұсынылған жоба ел бірлігі мен тұтас қазақстандық бірегейлікке қызмет ететін ата заң ретінде ғылыми қауым жақсы ырымға балап отыр. Журналдың 4 саласында осы бағыттарда терең зерттеулердің ішінде Ортағасыр заманнан бастап, замануи инфрақұрылымдардағы өзгерістермен ғылыммен білімнің жетістіктері, адам капиталын дамытудағы тіл тарихы, тарихи сана, саяси-экономикалық және әлеуметтік-мәдени бағыттардың ерекшеліктері мен методологиялық қағидаттар, Орталық Азияның білікті ғалым-педагогтардың ой-пікірлері, педагогикалық бағыттамалары жарияланды.
«Тарих және этнология» Ғылыми орталығы гуманитарлық-педагогикалық бағыттағы ғылыми және ғылыми-әдістемелік жобаларды кеңейту бойынша отандық және шетелдік ғалымдарға жүйелі түрде ғылыми семинарлар өткізеді. Шетелдік ғалымдармен ғылыми зерттеулер мен жобалар, «Ұлттық брендингтің» ерекшелігі, өңірлердің тұрақты дамуы, Орталық Азиядағы оқу-білім беру хабтарын кеңейту, «QAZAQTANÝ» журналында мақалалар жариялауға арналған академиялық хат, ғылыми зерттеулер нәтижелерінің оқу процесіне әсері талқылау үшін өзекті тақырыптар болды. Соңғы 3 жылда ғылыми семинарлар, тағылымдамалар нәтижесінде біздің университеттің факультет/ЖМ ғалым-педагогтары шетелдік ғалымдармен ғылыми зерттеулерді кеңейтті және сапалы зерттеулердің мазмұны көтерілді.
Редакция барлық республикалық және шетелдік авторлар мен серіктестерге ғылыми жаңалықтармен алмасқаны, бірлескен жобалар жасағаны үшін алғысын білдіреді және одан әрі табыс тілейді. Басылымның толық нұсқасы сайттағы мұрағаттарда орналастырылған https://qazaqtany.auezov.edu.kz РҒДД, КҒДД, IP Smart, ҚР «Ұлттық кітапхана» қоры деректер базасына енгізіледі