«QAZAQTANÝ» журналы 2026 ж. шілдеден бастап 3-тізімге енгізілді (Қазақстан тарихы, жалпы тарих, өлкетану). Ғылыми мақалалар қабылданады.

2026-05-15

Қазақстан Республикасы Ғылым және Жоғары білім Министрлігінің Ғылым және жоғары білім саласындағы сапаны қамтамасыз ету Комитетінің 2026 жылы 21 сәуірде шыққан №300 бұйрығына сәйкес ғылыми еңбектің негізгі нәтижелерін жариялау үшін ұсынатын ғылыми басылымдар тізбесінің 3 - Тізіміне 2026 жылы шілде айынан бастап М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінің «QAZAQTANÝ» журналының Қазақстан тарихы, жалпы тарих, өлкетану бағыты енгізілді. Сіздерді редакциялық алқасы атынан биік жетістіктермен құттықтаймыз және ғылыми мақалаларыңызды жариялауға шақырамыз!