М. Әуезов атындағы ОҚЗУ «Әлеуметтік-гуманитарлық ғылымдар» ғылыми-зерттеу институтының «Тарих және этнология» ғылыми орталығы. «QAZAQTANÝ» ғылыми журналының 3 (31) 09 / 2026 3-тоқсандық шығарылымы жарияланғаны туралы хабарлайды.

2026-09-13

М. Әуезов атындағы ОҚЗУ «Әлеуметтік-гуманитарлық ғылымдар» ғылыми-зерттеу институтының «Тарих және этнология» ғылыми орталығы. «QAZAQTANÝ» ғылыми журналының 3 (31) 09 / 2026 3-тоқсандық шығарылымы жарияланғаны туралы хабарлайды. «Қазақстан тарихы», «тарих», «өлкетану» сериялары 2026 жылғы 21 сәуірдегі №300 бұйрық негізінде Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің КОКСОН ұсынған ғылыми басылымдарының 3 - тізіміне енгізілді, 3 айдарда ғылыми мақалалар қабылданды, ағымдағы нөмірге жарияланды. Журнал басқа бағыттардың ребрендингін жүргізді, ғылыми нәтижелердің жарияланымдарын іске асыру үшін негізгі болып табылатын барлық рубрикаторларды жүйеледі. 2026 жылдың 3 тоқсанының 31-ші нөмірінде ҚР ҰҒА Ғылым комитетінің қаржыландырылатын жобалары бойынша археология, тарих және этнология, антропология, Алтын Орда тарихын зерттеу, Шығыстану, Өзбекстан, Түркия, Қырғызстан Орталық Азия халықтарының тарихы саласында ғылыми қызметкерлерінің, докторанттардың, ҚР жоғары оқу орындарының ғалым-педагогтарының, ҚР Президенті жанындағы ҚР ҰҒА академиктерінің, халықаралық сарапшылардың ғылыми зерттеулерінің нәтижелерінің бірі ретінде қыпшақ антропонимдерін, ортағасырлық әдебиетті Алтын Орданың даму элементтерінің бірі ретінде салыстырмалы зерттеу саласында, Әлеуметтік антропология, Қазақ қоғамының мәдениеті, қазақ киімінің әлеуметтік мәртебесі, сәулет құрылысындағы ұлттық сана, Кеңес мемлекетінің нормативтік-құқықтық құжаттарын деректанулық талдау 1917-1991, Оңтүстік Қазақстанның этникалық құрамын қоныстандыруға және қалыптастыруға әсері, Кеңес мемлекетінің діни саясаты, оқу процесінде педагогикалық бағытта жасанды интеллектті қолдану нәтижелерін енгізу және т.б. сапалы ғылыми зерттеулер ғылыми мақалалары жарияланып, 31 шығарылымның негізін құрады.

Редакция барлық республикалық және шетелдік авторларға, ғылыми сарапшы серіктестерге тәжірибе алмасқаны, бірлескен жобаларды іске асырғаны, жарияланымдар үшін берілген өтінімдер үшін алғыс білдіреді, шығармашылық табыс пен жемісті жұмысты тілейді. Басылымның толық нұсқасы сайтта кезең кезеңімен орналастырылады https://qazaqtany.auezov.edu.kz шығарылымдар архивінде, республикалық және халықаралық базаларға енгізілетін болады.