Құрметті әріптестер!
М.Әуезов атындағы ОҚУ, «QAZAQTANÝ» республикалық ғылыми журналдың редакциясы
2023 жылы маусым айында ғылыми басылымының 2 (18) 06 / 2023 саны жарыққа шыққаны туралы хабарлайды
Ғылыми басылымға «Тарих және этнология» және «Түркітану» ғылыми орталықтарының «Қазақ халқының тарихы мен этногенезі» сериясында түркі ономастикасында этникалық есімдерді таңдау сұрағы, дәстүрлі қазақ қоғамында батырлар институты, XVIII-XIX ғ., жоңғарлардың шабуылдары мен ресейдің экспансионистік саясаты кезіндегі Қазақ мемлекетінің Орта Азия хандықтарымен өзара қарым-қатынас тарихы, ХІХ-ХХ ғ., туралы мақалалар жарыққа шықты. Қазақстан, Өзбекстан, Ресей, Түркия мемлекеттердің ЖОО ғалым-педагогтары, ғылыми қызметкерлер, докторанттар, магистранттардың орта білім беру басқармасы өкілдерінен бірлескен авторлық ұжымдарда - фотосуреттердің дереккөз ретіндегі рөлі 1930-1931 ж., Шығыс Қазақстандағы шаруа көтерілістері туралы, педагогика саласында әйелдердің гендерлік өзін-өзі санасының құрылымындағы гендерлік төзімділікті этнопсихологиялық зерттеу, сонымен қатар экономика бағыттында «қазақ бренді», халықтың әл ауқаты мен табыстарының саралануының өзара байланысының ерекшеліктері, туризм саласын тұрақты дамытудың негізі ретінде инновациялық қызметті өзектендіру, Қазақстанның жоо-да үздіксіз инженерлік-техникалық білім берудің кластерлік дамуы Қазақстандағы болашақ мамандардың «трансверсалды дағдыларын» қалыптастырудың маңыздылығы тақырыптарында мақалалар жарияланды.
Редакция авторларды келе жатқан «Құрбан айт» мерекесімен құттықтайды және баршаларыңызға ғылыми әріптестікте жасалған жобалар үшін алғысымызды білдіреміз. Толық ңұсқасы https://qazaqtany.auezov.edu.kz/ мұрағатына орналастырылды және РИНЦ, КИНЦ, IP Smart базасына, ҚР «Ұлттық кітапханасы» қорына енгізіледі. https://drive.google.com/file/d/11geavbMQcI2_fcofKU8_D3V2Ewo6BsR4/view?usp=sharing
Енді мақалалар төменде көрсетілген сайт бойынша қабылданды және авторлар осы бағытта қабылдау талаптарымен активтермен таныса алады. Мақаланы 1,5 бұрын жібергені дұрыс, өйткені техникалық рәсімдеу мен рецензиялық жұмыстар және жарияланымға дайындалады https://qazaqtany.auezov.edu.kz/