Құрметті әріптестер!

2023-10-12

25 қазан Республика күні мен Auezov_university 80 жылдығы қарсаңында М.Әуезов атындағы «QAZAQTANÝ» республикалық ғылыми журналы ғылым, білім және мәдениет саласындағы жетістіктердің өсуіне, университеттің барлық ғалымдары мен педагогтарына және оның серіктестеріне тілекттес болып, өзінің І-ші мерейтойлық нөмірін - 3(19) 09 / 2023 шығарды.

Біздің университеттің қалыптасуының көптеген жылдарында ғылыми және білім беру технологияларының жоғары даму қарқынымен бірге республика мен шетел ғалым-педагогтарының ынтымақтастығы да артып келе жатқанына және 5 жыл бойы «QAZAQTANÝ» журналында гуманитарлық-педагогикалық бағыттағы ғалым-педагогтардың ғылыми еңбектерінің нәтижелері жарияланғанынада қуаныштымыз.

Ағымдағы басылымда журнал редакциясы ХХ ғасырдағы тарихнама және деректану зерттеулері бойынша құнды материалдарды, 2020 жылы басталған Қазақстандағы саяси қуғын-сүргін құрбандарын ақтау жөніндегі мемлекеттік комиссияның әдіснамалық негіздерін, Абай Құнанбаевтың ұрпағы Тұрағұл Ибрагимовты Семей қаласынан Шымкент уезіне 1928 жылы қоныс аудару бойынша аз танымал мұрағаттық материалдарды, Қазақстан аумағындағы этникалық өзгерістер мәселелерін, Орталық Азия елдеріндегі Балтық халықтарының диаспорасы мәселесіне, қазіргі Қазақстанның экономикалық, құқықтық аспектілеріне, халықаралық дипломатия мәселелері, Қазақстанның тарихи тұлғалары туралы сирек мәліметтер және тіпті Англиядан келген шетелдік авторлардың мақалалары жариялады.

Редакция барлық авторлар мен ғалымдарға ғылыми серіктестікте құрылған жобалары үшін алғысын білдіреді. Басылымның толық нұсқасы сайттағы мұрағатта орналастырылған https://qazaqtany.auezov.edu.kz/, РИНЦ, КИНЦ, IP Smart базасына, ҚР "Ұлттық кітапхана" қорына енгізіледі. https://drive.google.com/file/d/1L0RuePlmWfwio-nEizfhgmZayl4aKdMM/view?usp=sharing

           Мақалалар енді https://qazaqtany.auezov.edu.kz/ сайтқа қабылданатынын еске саламыз. Мұнда сіз мақалаларды берудің барлық шарттарымен және олардың мұрағаттарымен таныса аласыз. Зерттеулеріңізді 1,5 айдың ішінде жібере бастаңыз, өйткені мақалалар техникалық сәйкестікті тексеруден бастап шолуға, қайта қарауға және жариялауға дейінгі бірнеше жұмыс кезеңдерінен өтеді.