Наурыз
Ұлыстың Ұлы күні – «Наурыз» мерекесінің қарсаңында және қазақ ғылымының бастаушысы Қаныш Имантайұлы Сәтпаевтың 125 жылдығын атап өтуін қарсаңында М.Әуезов атындағы ОҚУ, «QAZAQTANÝ» республикалық ғылыми журналы ғылым, білім және мәдениет саласындағы жетістіктердің өсуіне, университеттің барлық ғалымдары мен педагогтарына және оның серіктестеріне тілектес болып, 2024 жылы 1 тоқсанның 1(21) 03/2024 санын жарыққа шығарды.
Жаңа басылымда «Тарих және этнология» Ғылыми орталығы Қаныш Сәтпаевтың өміріндегі тың мәліметтерді зерттеудің үстінде ғылым абайтанушы Мұхтар Әуезовпен және археолог Әлікей Марғұланмен бірге тығыз байланыс жасалған ғылыми зерттеулеріне назар аударды. Ғалымдарымыздың Абайдың қазақ этносының қалыптасуындағы «Ғақлия» қара сөздерінің лексикалық ерекшеліктерін, қазақ жазбаларына араб тілден енген сөздерге, Абайдың қара сөздерінің қытай тіліне аударылған тарихы туралы мақалалар, Қазақстан тарихындағы ХХ ғасырдың басында Ташкент қаласында Қазақ ағарту иститутының пайда болуы және Алматы қаласына көшуі жөнінде мақала алғашқы рет жарық көрді. Саяси құғын-сүргінге ұшыраған тұлғаларды ақтау комиссиясының есепті мақалалары, Өңтүстік өңіріндегі этностардың қарым-қатынастары жөнінде этносаяси бағытында зерттеулердің қаржыландырылған жобалардың нәтижелері де жарияланды.
Сонымен қатар, экономика және әлеуметтану шетел мемлекеттерінің инвестициялық саясатының қазіргі жағдайы, болашақ педагогтардың инклюзивті білім беруді іске асыруға кәсіби және жеке дайындығы туралы жаңа зерттеулер жарияланды.
Редакция барлық авторлар мен ғалымдарға ғылыми серіктестікте құрылған жобалары үшін алғысын білдіреді. Басылымның толық нұсқасы сайттағы мұрағатта орналастырылған https://qazaqtany.auezov.edu.kz/, РИНЦ, КИНЦ, IP Smart базасына, ҚР «Ұлттық кітапхана» қорына енгізіледі. Толық нұсқасы https://qazaqtany.auezov.edu.kz/ сайттына мұрағатына қойылады және төмендегі сілтем арқылы танысуға болады https://drive.google.com/file/d/1j6AjSu5YNHMBwtMI61G8rjmximkYTsiV/view?usp=sharing