Қазақ Елінің атақты ғалымы, археолог, тарихшы, этнограф, шығыстанушы, филолог, профессор, Қазақстан ҒА-ның академигі - Әлкей Хақанұлы Марғұланның 120 жылдығы

2024-10-02

Қазақ Елінің атақты ғалымы, археолог, тарихшы, этнограф, шығыстанушы, филолог, профессор, Қазақстан ҒА-ның академигі - Әлкей Хақанұлы Марғұланның 120 жылдығына және 2024 жылы бекітілген «1 қазан - Қазақстан Республикасының жоғары білім қызметкерлері күні» орай М.Әуезов атындағы ОҚУ «QAZAQTANÝ» республикалық ғылыми журналы ғылым, білім және мәдениет саласындағы жетістіктердің өсуіне, университеттің барлық ғалымдары мен педагогтарына, серіктестеріне тілектес болып, 2024 жылы 3 тоқсанның 3 (23) 09 / 2024 санын жарыққа шығарды.
Жаңа басылымда «Тарих және этнология» Ғылыми орталығы Абай (Ибраһим) Құнанбайұлының 1885 жылы шыққан «Қарамола Ережесіндегі» қазақ қызы мен әйелінің құқығы туралы ғылыми-зерттеулерді, сонымен қатар, қазақ тарихындағы ұлт-азаттық көтерілістерді, түркітанудағы түркі диалектілерінің жіктелуіндегі болгар тобының орны, абайтанушы Әлікей Марғұланның Ленинградтағы 1970 жылы Абайдың фотосуретін тапқаны туралы мәлеметтерді, филология саласында қазіргі замандағы қазақ жастарының этномәдени санасын қалыптастырудағы инстаграм желісінің рөлі (қазақ тілді контент материалдары бойынша) зерттеулердің қаржыландырылған жобалардың нәтижелері, сәулет, киберспорт туралы жаңа бағыттардың зерттеулері жарияланды.
Редакция барлық авторлар мен ғалымдарға ғылыми серіктестікте құрылған жобалары үшін алғысын білдіреді. Басылымның толық нұсқасы сайттағы мұрағатта орналастырылған https://qazaqtany.auezov.edu.kz/, РИНЦ, КИНЦ, IP Smart базасына, ҚР «Ұлттық кітапхана» қорына енгізіледі. Толық нұсқасы https://qazaqtany.auezov.edu.kz/ сайттына мұрағатына қойылады және төмендегі сілтем арқылы танысуға болады
https://drive.google.com/file/d/1P7YToiJ4cCiFyiJhYq5ZXukJKw3FYTiM/view?usp=sharing