ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ АЗАМАТТЫҚ ЖӘНЕ ҰЛТТЫҚ БІРЕГЕЙЛІКТІҢ ӨЗАРА ӘРЕКЕТТЕСУ МЕХАНИЗМДЕРІ: СЫН-ТЕГЕУРІНДЕР МЕН ГАРМОНИЯЛАУ ЖОЛДАРЫ
DOI:
https://doi.org/10.54251/2522-4026.2025.14.25qazТүйінді сөздер:
Түйінді сөздер: азаматтық бірегейлік, ұлттық бірегейлік, Қазақстан, этномәдени әралуандылық, этносаралық келісім, тіл саясаты, саяси интеграция, «Мәңгілік Ел», Қазақстан халқы Ассамблеясы.Аннотация
Аннотация
Мақалада Қазақстандағы азаматтық және ұлттық бірегейліктің өзара әрекеттесу механизмдері талданады. Олардың құрылымдық ерекшеліктері, тоғысатын және қайшылықты тұстары қарастырылады. Негізгі назар азаматтық интеграция мен этномәдени әралуандылықты сақтаудың тепе-теңдігін қалыптастырудағы мемлекеттік саясаттың рөліне аударылады. Бірегейлікті динамикалық жүйе ретінде қарастыруға мүмкіндік беретін Хабермас, Андерсон, Смит және Хантингтон концепциялары талданады. Қазақстан Республикасы Конституциясының, тіл саясатының, «Мәңгілік Ел» бағдарламасының және Қазақстан халқы Ассамблеясының рөліне ерекше көңіл бөлінген. Азаматтық және ұлттық бірегейліктің үйлесімді ұштасуы қоғам тұрақтылығы мен этносаралық келісімнің маңызды факторы болып табылатыны туралы қорытынды жасалады.