ӘЛЕМДІК САЯСАТТАҒЫ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ САЛАСЫНДАҒЫ ЫНТЫМАҚТАСТЫҚТЫҢ БАСТЫ БАҒЫТТАРЫ ЖӘНЕ НЕГІЗГІ МӘСЕЛЕЛЕРІ
DOI:
https://doi.org/10.54251/2522-4026.2025.15.25qazТүйінді сөздер:
жаһандық, денсаулық сақтау, пандемия, стратегия, интеграция, сыртқы саясатАннотация
Түйін. Денсаулық сақтау саласындағы мемлекеттік саясат және жаһандық денсаулық сақтау саласындағы дипломатия қазіргі таңдағы өткір де өзекті мәселелердің қатарына еніп отыр. ХІХ ғасырдан бастап халықаралық қауымдастық эпидемиялық аурулардың алдын алу үшін және салдарын жою мақсатындағы шараларды жаһандық деңгейде жүргізуде қолға ала бастады. ХХІ ғасырдағы Covid – 19 пандемиясынан кейін денсаулық сақтау саласы өзгеше сипатқа ие болды және қазіргі таңда жаһандық деңгейде мәселенің шешімін табу мақсатында бірлескен күш жігерлер жұмсалып отыр. Ұсынылып отырған мақалада жаһандық денсаулық сақтау саясатының негізгі бағыттары қарастырылады. Мемлекеттердің сыртқы саясатындағы денсаулық сақтау ісінің көрінісі және жаһандық деңгейдегі эпидемиялардың алдын алу бойынша күрес, жұқпалы аурулардың таралуына жол бермеу бойынша шаралар кешеніне талдау жасалынады. Сонымен қатар халықаралық ұйымдар шеңберіндегі қызметтер зерделенеді.