ОРТА АЗИЯДА МЕМЛЕКЕТТІК ҚАТЫНАСТАРДА ЗАҢДАРДЫҢ ОРЫНДАЛУЫН БАҚЫЛАУ ЖҮЙЕСІНІҢ ТАРИХЫ

Авторлар

DOI:

https://doi.org/10.54251/2708-0897.2024.4.06qaz

Түйінді сөздер:

Билеуші, Авеста, заң, құқық, қоғам, мемлекет, айыптау, прокурор, судья, тергеуші, бақылау, құрылым, ұйым, әділет

Аннотация

Дүние жүзіндегі елдерде қолданыстағы заңнаманың орындалуын бақылау, адам құқықтарын қамтамасыз ету және қылмыспен күресу процестерінде арнайы құрылымдар жұмыс істейді. Бұл ретте прокуратураның қызметі ерекше маңызға ие болып, ғасырлар бойы даму кезеңдерін зерделеу маңызды деп саналды. Бұл мақалада Орталық Азиядағы көне заманнан бері қоғамдағы процестерді бақылайтын құрылымдар мен олардың әр кезеңдегі дамуы талданады. Айта кету керек, прокуратура терминін қолданатын лауазым Орталық Азия мемлекеттерінде енгізілмегенімен, мемлекеттік басқаруда қолданыстағы процедуралар мен заңдарды бақылайтын арнайы лауазымдар енгізілді. Прокуратура жүйесінің жеке институт ретінде қалыптасуы және бұл терминнің нақты қолданылуы ресей Империясының Орта Азия территорияларын басып алуымен байланысты. Прокуратура жүйесін Ресейде 1722 жылы Ұлы
Петр құрғаны, кейін Империя Түркістан жерін жаулап алғаннан кейін енгізілгені белгілі. Бұл
өз кезегінде өзбекстандағы прокуратуралардың қызметін ұйымдастырудың және олардың қызметінің тарихи кезеңдерін талдаудың маңыздылығын көрсетеді.

Загрузки

Жарияланды

2024-06-28

Шығарылым

Бөлім

САЯСИ ҚУҒЫН-СҮРГІН ҚҰРБАНДАРЫН АҚТАУ