М.ӘУЕЗОВТЫҢ «ҚИЛЫ ЗАМАН» ПОВЕСІНІҢ ЖАЗЫЛУ ТАРИХЫ

Авторлар

  • Раихан Байдуллаева

DOI:

https://doi.org/10.54251/2708-0897.2024.4.15qaz

Түйінді сөздер:

повесть, революция, рух, ізгілік, патриотизм, сөз зергері, сана

Аннотация

Көркем сөздің зергері, заманымыздың кемеңгер жазушысы, аса ойшыл ғалым, совет әдебиетінің ірі алыптарының бірі. Лениндік сыйлықтың лауреаты М.О.Әуезов «Қилы заман» повесінде тап тартысын, қарапайым халықтың қасірет қайғысын ашына әшкерелеп, тереңдікпен ет жүрегі езіліп баяндаған.Жазушы М.Әуезов елін, жерін сүйген патриоттардың философиялық толғаныс – тебіреністерін баяндау арқылы заман тынысын, ер тарихын танытады. Повестің жастарды отаншылдыққа, патриотизмге тәрбиелеуде маңызы зор. М.Әуезовтың рухани байлығын, шеберлігін бар табиғи қалпымен, барлық әсем де сұлу болмысмен оқушының жүрегіне, санасына жеткізу терең ойлы ізденісті, шеберлікті қажет етеді. М.Әуезов «Қилы заман» повесінде патша үкіметінің отаршыл саясатын, айуандығы мен озбырлығын әшкерелей отырып, бұқара халықтың озбырлыққа қарсы революциялық толқуын, жанқиярлық күресін, патриоттық сезімдерін, еркіндікке ұмтылысын шеберлікпен суреттейді. «Қилы заман» полвесінде Жетісу жерінде Албан руының 1916 жылғы көтерілісі шебер баяндалған.

Загрузки

Жарияланды

2024-06-28

Шығарылым

Бөлім

ӨНЕР(МУЗЫКА; ХОРЕОГРАФИЯ, ТЕАТР)