ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ XVIII-XIX ҒАСЫРЛАРДАҒЫ ҰЛТ-АЗАТТЫҚ ҚОЗҒАЛЫС ТАРИХЫ: ТӘУЕЛСІЗДІК. ТҰЛҒА. ТАНЫМ
DOI:
https://doi.org/10.54251/2708-0897.2024.4.23qazТүйінді сөздер:
ұлт-азаттық қозғалыс, тұлға, таным, тәуелсіздік, Қазақстан тарихы, тарихи қайраткерлерАннотация
Мақалада Қазақстан тарихындағы XVIII-XIX ғасырлар кезеңінде болған ұлтазаттық қозғалыстар тарихындағы Тәуелсіздік үшін күрескен көшбасшы тұлғалар туралы
баяндалады. Тарихты оқытуда жан-жақты білім беріп ғана қоймай оқушылардың бойында
патриоттық қасиеттерді дарытып тәрбиелеу де маңызды орын алатыны белгілі. Оның ішінде
XVIII-XIX ғасырлар кезеңінде болған ұлт-азаттық қозғалыстар тарихын баяндауда жас буын
өкілдеріне ұлт - азаттық көтерілістердің отаршылдыққа қарсы сипаты және тарихи мәнін түсіндіру,
күреске басшылық еткен тарихи қайраткерлер мен қатысқан тұлғалардың ерлік істерін бағалау,
зерттеулік ізденіс жүргізуге бағдар беру, қозғалыс басшылары, көтерілістің барысы жөнінде білім
берудің танымдық-әдістемелік түрлерін қолдану және т.б. жұмыс түрлерін жүзеге асырудың
маңызы зор. Қазіргі тәуелсіздіктің тұғырын нығайту жолында өткен тарихымызға, оның ішінде
ұлтымыздың ұлт-азаттық күресіне қайта-қайта назар аударып жүгінгеніміз жөн. Ал ол ұлт-азаттық
күрес тарихымыз шынайы болуы тиіс, сондықтан халқымыздың басынан өткен ұлт-азаттық
қозғалыстар мен тәуелсіздік жолындағы күрестер тарихы өзекті болып қала бермек.