ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАНҒА АРНАЛҒАН ЭКОҮЙЛЕРДІ ЖОБАЛАУ
DOI:
https://doi.org/10.54251/2708-0897.2024.4.30qazТүйінді сөздер:
жерасты ғимараттары, күн мен топырақ энергиясы, экотермос, жеңіл күмбез құрылымдар, экология, экоүй, сәулетАннотация
Бұл мақалада «жасыл энергия көздеріінің» (ЖЭК) Қазақстандық өндірісін ұлғайтуға, яғни зерттеулерге, өндіріске және т.б. көбірек көңіл бөлу,олардың пайыздық үлесін ұлғайту жайлы айтылады.Атап айтсақ, Республика Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың баяндамасында жасыл экономикаға ерекше мән беріледі: «жасыл энергия көздеріінің (ЖЭК)
Қазақстандық өндірісін ұлғайтуға, яғни зерттеулерге, өндіріске және т.б. көбірек көңіл бөлу, 2030 жылға қарай оның үлесінің 15%-на қол жеткізу қажет». «ЖЭК пайдалануды қолдау туралы заң келесілерді қамтиды: «кадрларды даярлау және оқыту және жасыл энергия көздерін пайдалану саласында ғылыми зерттеулер жүргізу бойынша жағдайлар жасау».
Бұл жобаны іске асыру елдің жалпы энергетикалық ресурстарын 50% үнемдеуге мүмкіндік береді, өйткені Қазақстан геогрфиялық жағдайы ЖЭК пайдалану үшін қолайлы. Осы мәселе бойынша авторлардың жарияланған мақалалары ТМД мен шетелдердегі ғалымдар мен баспалардың жоғары бағасына ие болды. Бұл жобадағы экоүй киіз үй пішінді болып келеді, жер бетінен 3 м тереңдіктегі дөңгелек алаңда орналасқан.
Экоүй қүрылымы геодезиялық күмбез тәріздес, жеңіл ағаш конструкциядан құралады, жалпы ауданы 16 кв.м. Дөңгелек пішінді жер асты алаңының жалпы ауданы 36 кв.м.
Жер асты алаңына жартылай дөңгелек текпішек арқылы түсуге болады. Бұл жер асты алаңы шатыр пішінді жеңіл құрылғымен көмкерілген. Аталмыш шатыр мөлдір пластикпен тысталған, оған күн сәулесі жоғарыдан түседі. Алынған нәтижелер Қазақстанның жасыл экономикасын ілгерілетуге, фермерлерге, әскерилерге , геологтарға т.б. арналған тұрғын үй құнын төмендетуге ықпал етеді. Сонымен қатар кіші қабатты экоғимараттар, мысалы шеберханалар, қоймалар, гараждар т.б. салуға мүмкіндік береді.