ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ ЖАСТАР АРАСЫНДА ДЕВИАНТТЫ МІНЕЗ-ҚҰЛЫҚТЫҢ АЛДЫН АЛУДАҒЫ ӘЛЕУМЕТТІК ҚЫЗМЕТТЕРДІҢ РӨЛІ
DOI:
https://doi.org/10.54251/2708-0897.2024.4.38qazТүйінді сөздер:
әлеуметтік қызметтер, девиантты мінез-құлық, жастар, алдын алу, әлеуметтік оңалту, әлеуметтік қолайсыздық, қолдау бағдарламалары, девиантты мінезқұлық, ведомствоаралық ынтымақтастықАннотация
Мақалада Қазақстан Республикасындағы жастар арасында девиантты мінезқұлықтың алдын алудағы әлеуметтік қызметтердің рөлі мен маңызы қарастырылды.
Девиантты мінез-құлыққа ықпал ететін әлеуметтік қолайсыздық, білім деңгейінің төмендігі, жағымсыз ортаның әсері және отбасының қолдауының болмауы сияқты негізгі факторларға талдау жасалды. Кеңес беру, әлеуметтік оңалту, бос уақытты ұйымдастыру және кәсіптік бағдар беруді қоса алғанда, әлеуметтік қызметтер осындай проблемалардың алдын алу үшін қолданатын бағдарламалар мен әдістерге ерекше назар аударылды. Жастарды қоғамға кіріктіруге бағытталған сәтті бастамалардың мысалдары қарастырылды. Сондай-ақ, әлеуметтік қызметтердің жұмыс барысында кездесетін қиындықтары да қарастырылды. Мақалада ведомствоаралық өзара іс-қимылдың маңыздылығы, жастар арасындағы девиантты мінез-құлық мәселесіне тиімді әсер ету үшін мемлекет пен жергілікті қоғамдастық деңгейінде алдын алатын шараларды күшейту қажеттілігі көрсетілген.