ШЕТЕЛ МЕМЛЕКЕТТЕРІНІҢ ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ САЯСАТЫНЫҢ ҚАЗІРГІ ЖАҒДАЙЫН ТАЛДАУ
DOI:
https://doi.org/10.54251/2708-0897.2024.4.006qazТүйінді сөздер:
инвестиция, инвестициялық саясат, экономикалық өсім, инвестициялық процесс, әлеуметтік-экономилық жүйеАннотация
Мақалада Өзбекстан Республикасы мен Қырғызстанның инвестициялық саясаттары қарастырылған. Соңғы 4 жыл көлеміндегі макроэкономикалық көрсеткіштергі талдау жасалынды. Мақаланың мақсаты – Өзбекстанға және Қырғызстанға жалпы оның аймақтарына шетелдік инвестицияларды белсендірек тарту үшін қажетті шараларды анықтау. Мақаланың өзектілігі – әлемдік экономикалық құбылыстардың ішінде инвестициялық үдерістердің маңызын екі мемлекетттердің тәжірибесін негізге ала отырып қарастыру, ашу. Өзбекстанда және Қырғызстанда соңғы жылдары болып жатқан жағдайлар мен динамикалық өзгерістерді терең және жан-жақты зерттеу жүргізілді. Мемлекеттің инвестициялық саясатын әр сала бойынша жүргізіліп жатқан ісшаралар кешені бойынша шолу жасалынды. Соның ішінде, тікелей шетелдік инвестициялар саясаты және оның заңнамалық базасына, өнеркәсіп саласындағы инвестицияларды ынталандыру жолдарын басты назар аударылды. Инвестициялық үдерістердің талдай отырып, мемлекеттердің экономикасының дамытуға қатысты бірнеше ұсыныстар тізбесі қарастырылды.