ҚАЗАҚ ЖАЗБАЛАРЫНДАҒЫ АРАБ ТІЛІНЕН ЕНГЕН СӨЗДЕРДІҢ ТАҢБАЛАНУ ЕРЕКШЕЛІГІ

Авторлар

  • Фарида Бахтибаева

DOI:

https://doi.org/10.54251/2708-0897.2024.4.010qaz

Түйінді сөздер:

жазба, таңба, тіл, грамматика, әдебиет, фонетика, транскрипт, транслитерация, аударма

Аннотация

Тіл - адам баласының ой-санасында танылған әлемдік бейненің, болмыстың
ұғымдық белгісі. Адамзат тіл арқылы табиғаттағы барлық заттар мен құбылыстарға атау береді.
Ұлттық таным мен ұлт тілінің бірлігі, байланысы осы арада тоғысады. Әрбір ұлт өкілдерінің
парасат-пайымы, білім деңгейі, көзқарасы мен менталитеті, өзіндік дүниетанымы,болмысты
тануы, игеруі тілде бейнеледі, тілде сақталады. Ата-бабадан мирасқа қалған ана тілі - адамдар
арасындағы қатынас құралы ғана емес, сонымен қатар көнеден келе жатқан тарихи танымды
жеткізуші қызметін де атқарады. Тілсіз рухани мәдениет те биікке жете алмайды, халықтың рухани
күші - тілде. Тілі дамымаған халықтың рухы да дамымақ емес. Өйткені «Өнер алды – тіл». Демек,
дүниенің кілті - тілде.Тілдің дамуы арқылы адам баласының дүниетанымы сатылы дамиды. Яғни,
ата-баба білігі балаға тіл арқылы дамып,болмыстың қасиеті мен белгілері терең таныла
түседі.Тілде ертедегі танымның ізі, ел жасаған парасат пен кісіліктің пайымы жатыр.

Загрузки

Жарияланды

2024-03-28

Шығарылым

Бөлім

ТІЛ БІЛІМІ ЖӘНЕ ӘДЕБИЕТ