ҚАЗАҚ ТІЛІНДЕГІ АҢШЫЛЫҚ ПЕН САЯТШЫЛЫҚҚА ҚАТЫСТЫ АТАУЛАРДЫҢ ДҮНИЕТАНЫМДЫҚ ЕРЕКШЕЛІКТЕР
DOI:
https://doi.org/10.54251/2708-0897.2024.4.012qazТүйінді сөздер:
лингвистика, фразеология, этимология, лексика, фактор, зоонимикаАннотация
Қазақ тіліндегі аңшылық пен саятшылыққа қатысты атаулары зерттелінді. Оның
ішінде аңшылық пен саятшылықта қолданылатын құрал жабдық атаулары, қыран бүркіттің жасына
байланысты атаулардың семантикалық ерекшеліктері талданды. Зерттеуде қазақ тілінің түсіндірме
сөздігі, этимологиялық сөздік, фразеологиялық сөздіктердегі атауларға талдау жасалынып,
олардың тіліміздегі алатын орнына мән берілді. Аңшылық пен саятшылыққа қатысты атаулар да
өзге тілдік бірліктер сияқты талай ғасырды артқа салып, қазақ тілімен бірге жасап келеді. Олар
қазақ тілінің сөздік қорынан ерекше орын алады. Мақалада қазіргі қазақ тіліндегі ғылыми
әдістемеге негізделген дәстүрлі лингвистикалық әдістер пайдаланылды. Аңшылық пен
саятшылыққа қатысты атауларды талдаудың негізгі әдісі – сипаттама әдісі. Бұл әдіс аңшылық пен
саятшылыққа қатысты атаулардың құрамын, олардың қалыптасу және даму жолдарын анықтауда
қолданылды. Салыстырмалы әдіс арқылы жалпы түркі тілдеріндегі, қазақ тіліндегі, сондай-ақ
басқа тілдерден енген аңшылық пен саятшылыққа қатысты атаулар сипатталады.