TU ӘОЖ 94 (574) ТҮРКІ ЖӘНЕ ИСЛАМ МӘДЕНИЕТТЕРІНІҢ ОРТАЛЫҚ АЗИЯҒА ЫҚПАЛЫ: ҒЫЛЫМИ ЗЕРТТЕУЛЕР МЕН ТАЛДАУЛАР
Түркі халқының көшпенді мәдениеті
DOI:
https://doi.org/10.54251/2522-4026.2025.3.25qazТүйінді сөздер:
Орталық Азия,түрік, мәдениеті, ислам, философия, рухани,этникалық,дін,аймақ.Аннотация
Бұл мақалада Түркі және Ислам мәдениеттерінің Орталық Азияға ықпалы тарихи, мәдени және әлеуметтік тұрғыдан жан-жақты қарастырылады. Түркі халықтарының аймақтағы рөлі мен Ислам дінінің таралуы нәтижесінде қалыптасқан өркениеттік өзгерістер зерттеледі. Археологиялық деректер, тарихи құжаттар және әдеби мұралар негізінде мәдени синтездің қазіргі қоғамдағы маңызы ашылады. Ислам мәдениетінің тіл, құқық, білім жүйесіне тигізген әсері, сондай-ақ архитектура, өнер және философия салаларындағы ықпалы сараланады. Ортағасырлық ғұламалар – Әл-Фараби, Ибн Сина, Жүсіп Баласағұн және басқа да ойшылдардың ғылыми жетістіктері сипатталады. Мақалада Ислам құндылықтарының дәстүрлі дүниетаныммен өзара әрекеттесуі мен мәдениетаралық байланыстарға қосқан үлесі талданады. Сонымен қатар, Исламның әлеуметтік әділеттілік, білім беру және гуманизм идеяларын қалыптастырудағы рөлі атап өтіледі. Аймақтағы тарихи тұлғалардың мәдениет пен ғылымның дамуына қосқан үлесі ерекше көрсетіледі, бұл олардың өркениетаралық диалогты нығайтуға ықпал еткенін дәлелдейді. Орталық Азияның мәдени мұралары мен Ислам өркениетінің өзара ықпалдастығы аймақтың бірегей мәдениеті мен рухани құндылықтарының қалыптасуына ықпал еткені айқындалады.