ДИЛЕРЛІК АВТОМОБИЛЬ ҰЙЫМДАРЫНДАҒЫ БАСҚАРУ ЕСЕБІН ҰЙЫМДАСТЫРУ

Авторлар

  • Абдыкулова Д.Б ЮКИУ им. М.Ауэзова
  • Кулбай Б.С
  • Ахметова С.С

DOI:

https://doi.org/10.54251/2522-4026.2025.10.26qaz

Түйінді сөздер:

басқару есебі, дилерлік автомобиль ұйымдары, басқару есебінің жүйесі, теңдестірілген көрсеткіштер жүйесі, баламалы шығымдар есебі, калькуляция, директ-костинг

Аннотация

Мақалада дилерлік автомобиль ұйымдарындағы басқару есебі жүйесінің ерекшеліктері мен оны жетілдіру жолдары қарастырылады. Қазақстанның автокөлік нарығындағы дилерлік ұйымдардың басқару есебінің заманауи дамуының ерекшеліктері айқындалып, автокөлік нарығындағы диллерлік ұйымдардағы басқару есебінің жүйесі көрсетілген. Дәстүрлі басқару есебінен айрықшаланатын заманауи басқару есебінің ролі анықталған. Басқару есебі жүйесінің тиімділігін бағалауды дамыту бағдарламасын бағыттауға арналған, негізгі проблемалық жағдаяттарды жою бағыттары аталып өтілген. Дилерлік автомобиль ұйымдарындағы басқару есебін ұйымдастырудың негізгі факторы ретіндегі бизнес-үдерістерге айқындама берілген. Теңдестірілген көрсеткіштер жүйесі тұжырымдамасы ашылып көрсетілген. Басқару есебін жетілдіру мақсатында баламалы шығымдар есебінің әдістемесі анықталған. Автомобильдердің өтімді емес қоймасын қалыптастыру барысындағы баламалы шығындардың соммасын есептеу көрсетілген. «Директ-костинг» калькуляциялық жүйесінің мүмкіндіктері ашылып сипатталған. Соныменен, қолданысы дилерлік ұйымның қызметіне талдау жүргізуге мүмкіндік беретін шығындар жіктемесі негізделіп, дилерлік ұйымдар үшін тән баламалы шығымдар есебіне аса көңіл бөлінді, бизнес-үдерістерді тиімділігін бақылау жүйесі айқындалды және автомобиль нарығындағы дилерлік ұйымдарды басқару есебін жетілдіру бойынша бірқатар ұсыныстар берілді

Загрузки

Жарияланды

2025-06-03