ЖӘНІБЕК АУДАНЫНЫҢ ӘЛЕУМЕТТІК - ЭКОНОМИКАЛЫҚ ДАМУ ТАРИХЫ (1922-1924 ЖЖ)

Авторлар

  • Yermukhanova G.K

DOI:

https://doi.org/10.54251/2522-4026.2025.25.4qaz

Түйінді сөздер:

Жәнібек, аудан, Талов ауылы, темір жол, астық, театр, ауыл шаруашылығы, мектеп

Аннотация

Бұл мақалада Батыс Қазақстан облысы Жәнібек ауданының хх ғасырдың бастапқы жылдарынан бастап қазіргі кезге дейінгі әлеуметтік-экономикалық даму тарихы, мәдениеті зерттелді. Және Жәнібек ауданының құрылу тарихы зерттеліп, онда ауданның негізінің қалануынан бастау алып, қазіргі кезге дейінгі тарихы зерттелді, сонымен қатар мақалада аудан атауының себептері де сипатталды. «Жәнібек» деп аталу себептеріне бірнеше версиялар бар, мақалада сол версиялар қарастырылған. Ауданның аталуын зерттеушілердің бірі ХVIII ғасырдағы қазақ-қалмақ соғысы жылдарында ерлік көрсеткен он алты-он жеті жасар Жәнібек атты жылқышымен байланыстырса, енді біреулері Алтын Орда ханы Орыс ханның ұлы Жәнібек ханмен байланыстырса, тағы біреулері аудан маңындағы ескі оба атауымен де байланыстырады. Сонымен қатар мақалада аудынның мал шаруашылығы қарастырылып, ондағы 1917 жылдан бастап қазіргі кезге дейінгі мал саны мен егістік көлемінің көрсеткіші көрсетілген. Мақалада Жәнібек ауданының қазіргі кездегі әлеуметтік-экономикалық жағдайына сипаттама беріліп, онда 2024 жылы есеп бойынша, ауыл шаруашылығының жалпы өнім мөлшері, қазіргі кездегі мал саны, аз қамтылған отбасындағы балаларға үкімет тарапынан көрсетілген көмек мәселесі қарастырылды. Сонымен қоса ауданда спортты дамыту мәселесі, яғни спорт кешендерін салу, спортқа жасөспірімдерді тартып, спорт түрлерін ашу, саябақ жаңғырту мәселелері осы мақалада қарастырылған. Жәнібек ауданының әлеуметтік-экономикалық даму тарихы - архивтік құжаттарды, энциклопедияларды, аудан туралы анықтамаларды, газет-журналдарды пайдалана отырып, зерттелді.

Загрузки

Жарияланды

2025-03-31

Шығарылым

Бөлім

ҚАЗАҚСТАНТАРИХЫ