АБАЙ ҚАРА СӨЗДЕРІНДЕГІ АДАМ БОЛ ИДЕЯСЫНЫҢ ФИЛОСОФИЯЛЫҚ МӘНІ

Авторлар

  • Самал Айтмұқаш

DOI:

https://doi.org/10.54251/2522-4026.2025.9.25qaz

Түйінді сөздер:

Абай, «Қара сөздер», адамгершілік, философиялық мән, құндылық, адам бол, ғылым, рухани өсу, болмыс, ізгілік

Аннотация

Бұл мақала қазақ даласының ұлы тұлғасы Абай атамыздың қара сөздеріне, қара
сөздердегі философиялық ойларды қарастырады. Абайдың қара сөздері қазақ әдебиеті мен
философиясының аса құнды мұраларының бірі. Оның қара сөздерінде терең философиялық ойлар
мен адамгершілік құндылықтары туралы толғаныстар мол. Ақын қара сөздерінде адам бойындағы
теріс мінездер - надандық, күншілдік, жалқаулық, арсыздық сияқты қасиеттерді сынап қана қоймай
адамды білім алуға, өз кемшіліктерімен күресуге және әділ, адал болуға шақырады. Абай өмірдің
мәні тек сыртқы байлықта емес, адамның ішкі дүниесінің тазалығы мен білімінде екенін түсіндіреді.
Осылайша, Абай әр адамды өзіне есеп беруге, өз бойын жетілдіруге үндейді. Абайдың қара сөздері
үлкен философиялық және моральдық маңызға ие. Ол тек жеке тұлғаның ғана емес, бүкіл қоғамның
моральдық деңгейін жоғарылатуға, адамгершілік қасиеттерді арттыруға бағытталған терең
философиялық еңбек болып табылады. Бұл мақалады Абайдың өмір, махаббат, уақыт, адам өмірінің
мәні туралы айтқан терең ойларының маңыздылығы мен қажеттілігі талданған.

Загрузки

Жарияланды

2025-03-31