ҚАЗАҚСТАН КОРЕЯ ТЕАТРЫНДАҒЫ МӘДЕНИ ИНТЕГРАЦИЯ ЖӘНЕ ҰЛТТЫҚ ТҰРАҚ ИДЕЯСЫН ТРАНФОРМАЦИЯЛАУ
DOI:
https://doi.org/10.54251/2708-0897.2025.14.25qazТүйінді сөздер:
корей театры, мәдени бірегейлік, жаһандану, этномәдени интеграция, ұлттық сана, этносаясат, корей диаспорасыАннотация
Бұл мақалада Қазақстандағы корейлердің этномәдени интеграция процестері
қарастырылған. Орталық Азиядағы көпэтникалық ортада корейлердің ұлттық бірегейлік идеясының
өзгеруіне әлеуметтік, саяси және мәдени факторлардың қалай әсер ететіндігі талданады. Корей
мәдениетін сақтап, дамытуда негізгі институт болып табылатын Корей театрының рөліне, сондай-ақ
тарихи жады мен мәдени кодты зерттеудегі маңызына ерекше назар аударылады. Театр дәстүрлі
мұраны көрсететін құрал ғана емес, сонымен қатар ұлттық мотивтердің қазіргі заманғы сахналық
тілге бейімделуіне ықпал ететін көркемдік эксперименттер алаңы ретінде қарастырылады. Зерттеу
этносоциологиялық тәсілдерге, көркемдік қойылымдарды талдауға және мәдениетаралық өзара
әрекеттестік тұжырымдамаларына негізделген, бұл жаһандану жағдайында этномәдени бірегейлікті
сақтау және трансформациялау механизмдерін анықтауға мүмкіндік береді.