АБАЙ ҚҰНАНБАЕВТЫҢ «МАСҒҰД» ПОЭМАСЫНЫҢ ТІЛДІК ЕРЕКШЕЛІГІ М.МЫРЗАХМЕТҰЛЫ ЗЕРТТЕУЛЕРІНЕН
DOI:
https://doi.org/10.54251/2522-4026.2025.21.25qazТүйінді сөздер:
функция, коммуникатив, сюжет, поэма, логика, поэзия, стихияАннотация
Абай өзінің поэзиясымен қазақтың көркем әдебиетін өлшеусіз биікке көтерсе, әдеби
тілді дамытып, қалыптастыруда да аса үлкен еңбек сіңірді. Ол қазақтың жазба әдебиеті тілінің
негізін салушылардың бірі болды.Абайға дейінгі және Абай тұсындағы ақындарда ескі араб, парсы
сөздерін көп қолдану, оны қазақ сөзімен араластыра сөйлеу салтқа айналған еді. Кейін орыс сөздері
араласты. Абай осыларға қарама-қарсы шет тілдер сөздерін көп қолданбай, негізгі шығармаларын
қазақтың таза ұлттық тілінде жазды. Тіл, сөз мағынасын жаңартып, байытты. Сөздің халықтық
үлгілерін жонып, қырнап, өзі айтқандай, «тіл ұстартты».