ЖАЗБА ӘДЕБИЕТІНДЕГІ ЭПИКАЛЫҚ ШЫҒАРМАЛАР САБАҚТАСТЫҒЫ МЕН ЖАНРЛЫҚ ҰҚСАСТЫҒЫ
DOI:
https://doi.org/10.54251/2522-4026.2025.22.25qazТүйінді сөздер:
өлең, роман, эпика, фактор, пішін, модель, символАннотация
Қазақ жазба әдебиетінің қазіргі заманғы эпикалық түрлерінің (поэма, роман)
тарихилықпен жазылуына эпикалық шығармалардың көркемдік негізі үлгі болғандығы ақиқат. Осы
арада белгілі әдебиеттанушы-ғалым Н. Келімбетовтің сақ, ғұн дәуірі тарихи дастандарының
поэтикасы хақындағы пікірі эпикалық жанр шығармалары табиғатының қалыптасу, даму
эволюциясын түсінуге бағдарлайды: «Сақтар мен ғұндар дәуірінде өмірге келген жоқтау, мақтау
түріндегі өлең үлгілері, мақал-мәтелдер, қанатты сөздер, бертін келе Түрік қағанаты тұсында
жазылған ерлік жырларының шынайы көркем шығарма ретінде қалыптасуына үлгі-өнеге, модельформа болды». Бұл – қазақ әдебиетіндегі кейінгі көп жанрлы жазбаша дәстүрдің дамуына негіз
болған үрдіс үлгісі.