ФЕНОМЕНО-БАҒДАРЛАНҒАН ТӘСІЛ МЕН ИНТЕРАКТИВТІ ӘДІСТЕРДІҢ СТУДЕНТТЕРДІҢ АУЫЗША СӨЙЛЕУ МЕН СЫНИ ОЙЛАУЫН ДАМЫТУДАҒЫ РӨЛІ: ТЕОРИЯЛЫҚ ЖӘНЕ ПРАКТИКАЛЫҚ НЕГІЗДЕР
DOI:
https://doi.org/10.54251/2522-4026.2025.27.25qazТүйінді сөздер:
феномено-бағдарланған тәсіл, интерактивті әдістер, сыни ойлау, ауызша сөйлеу, коммуникативтік құзыреттілік, шет тілі білімі, жобалық жұмыс, тұлғаға бағытталған оқыту, уәждемеАннотация
Бұл мақалада феномено-бағдарланған оқыту тәсілі (Phenomenon-Based Learning,
PhenoBL) мен интерактивті әдістердің (дискуссиялар, рөлдік ойындар, симуляциялар) шет тілінде
ауызша сөйлеу дағдылары мен сыни ойлау қабілетін қалыптастырудағы ауқымды мүмкіндіктері
талданады. Автор феномено-бағдарланған педагогиканың әдіснамалық алғышарттарын қарастыра
отырып, оны интерактивті оқыту форматтарымен ұштастырудың теориялық және тәжірибелік
қырларын сипаттайды. Мақалада тәжірибеге негізделген жобаларды іске асыру арқылы сыни ойлау
мен коммуникативтік құзыреттілікті дамытудың маңыздылығы атап өтіледі. Зерттеу тілдік даярлық
үдерісін жетілдіруге және қазіргі цифрлық қоғам жағдайында білім беру тиімділігін арттыруға
ұмтылған оқытушылар, әдіскерлер мен зерттеушілер үшін пайдалы болады.