ӘДЕП ЖҮЙЕСІНІҢ ПАРАДИГМАСЫНЫҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ

Авторлар

DOI:

https://doi.org/10.54251/2522-4026.2025.11.26qaz

Түйінді сөздер:

әдеп нормалары, тәлім-тәрбие, құндылықтар, қонақжайлық, үлкенге құрмет, салт-дәстүр, сөз әдебі

Аннотация

Қазақ әдеп жүйесінің парадигмасының ерекшеліктерін жан-жақты талданып қарастырылды. Салыстырмалы әдіс қазақ әдеп жүйесін басқа этникалық жүйелермен немесе мәдениеттермен салыстыру үшін қолданылады. Бұл қазақ халқының әдеп жүйесінің парадигмасының бірегей ерекшеліктері анықталды. Қазақ әдеп жүйесінің парадигмасын жан-жақты зерттеу үшін бірнеше әдістерді пайдалануға болады. Бұл әдістер қазақ әдеп жүйесінің қалай қалыптасқанын, оның қалай жұмыс істейтінін және жаһандану үрдісінің әсерінен қандай өзгерістер болып жатқанын тереңірек түсінуге мүмкіндік берілді. Қазақ халқының өмірінде үлкен рөл атқаратын ақсақалдарды құрметтеу, қонақжайлық секілді құндылықтар мен отбасында ежелден сақталған дәстүрлердің рөлін ашып түсіндіреді. Қазіргі таңда урбанизация мен жаһанданудың осы дәстүрлерге қалай әсер ететінін, бірақ құрмет пен қонақжайлық сияқты негізгі құндылықтардың сақталатынын талдайды. Мысалдарды пайдалана отырып, қазақ әдеп жүйесінің ерекшеліктерінің басқа мәдениеттермен өзара әрекеттесуінің нәтижесінде жаңа жағдайларға бейімделуін көрсетеді. Зерттеу әдістеріндесалыстырмалы әдіс қазақ әдеп жүйесін басқа этникалық жүйелермен немесе мәдениеттермен салыстыра отырып қарастырған. Нәтижелер мен талқылауда, қазақтардың ежелден келе жатқан әдеп жүйесінің ерекшеліктерінің қатарына туыстық байланыстарды құрметтеу құндылығы талданған.

Биография автора

Оразбек А., М.Әуезов атындағы ОҚЗУ

кафедра философии, магистрант

Загрузки

Жарияланды

2025-06-03