ҚАЗАҚ ФОЛЬКЛОРЫНЫҢ ЗАМАНАУИ МЕДИАДАҒЫ КӨРІНІСІ (TIKTOK, YOUTUBE, INSTAGRAM Т.Б.)

Авторлар

  • Гулзира Утегенова ЮКУ им. М.Ауезова

DOI:

https://doi.org/10.54251/2522-4026.2025.12.28qaz

Аннотация

Бұл зерттеу еңбегі қазіргі таңдағы жаңа медиа платформаларындағы қазақ фольклорының көріністерін зерделеуге бағытталған. Нақтырақ айтсақ, TikTok, YouTube, Instagram секілді әлеуметтік платформалардағы дәстүрлі фольклорлық құндылықтардың (мысалдар: ертегілер, аңыздар, мақал-мәтелдер, батырлар жыры, салт-дәстүр жырлары және т.б.) қазіргі заманғы түрде қалай жаңғырып, пайдаланылып жатқанына талдау жасалады. Зерттеу барысында фольклорлық мұраның ықшамдалған, көрнекі, мультимедиалық форматта ұсынылу ерекшеліктері, аудиториямен өзара әрекеттесу жолдары және фольклордың визуалды және аудио форматтарға бейімделу процестері қарастырылады. Бұған қоса, аталған тенденцияның жас буынның ұлттық дүниетанымын қалыптастыруға, мәдени мұраға деген қызығушылығын арттыруға тигізер әсері де ескеріледі. Жұмыс барысында дәлелді мысалдарды негізге ала отырып, қазіргі медианың қазақ фольклорын жаңа қырынан таныту мен таратудағы мүмкіндіктері мен кемшіліктері көрсетіледі. Бұл тақырып фольклор мен медианың тоғысқан жерінде пайда болған жаңа мәдени құбылысты суреттейді және ұлттық мұраны сақтаудың жаңа әдістерін анықтауға бағытталады.

Загрузки

Жарияланды

2025-12-11

Шығарылым

Бөлім

ТІЛ БІЛІМІ ЖӘНЕ ӘДЕБИЕТ

##category.category##