ПОНЯТИЕ ДЕЯТЕЛЬНОСТИ В ПРЕДПРИНИМАТЕЛЬСКОМ ПРАВЕ
DOI:
https://doi.org/10.54251/2522-4026.2026.29.09qazТүйінді сөздер:
дербестік, нарықтық, тәуекел, акционерлік қоғам, дәлелдеу, принципАннотация
Мақалада кәсіпкерлік адам қызметі салаларының бірі болып табылады, ал кәсіпкерлік қызмет - бұл кәсіпкерлікті ұйымдастыру және іс жүзіне асыру бойынша орындалатын әрекеттер жиынтығы. Кәсіпкерліктің өркендеуінің алғышарты болып тауар-ақша қатынастары, ел және аймақ экономикасының орнықты дамуының экономикалық заңдылықтарын жанама түрге айналдыратын объективті экономикалық заңдар саналады. Кәсіпкерлік қызмет — бұл шаруашылық қызметтің кәсіпкерлік қызмет субъектісінің пайда (табыс) табуға бағытталған өз бетінше жүргізетін бастамашылық қызметі болып табылатын түрі. Өз кезегінде, шаруашылық қызмет - ол тауарлар өндіру, жұмыстар орындау, қызметтер көрсету бойынша мемлекеттік билік және басқару органдары, сонымен қатар шаруашылық жүргізуші субъектілер тағайындаған ережелерге сай жүзеге асырылатын экономикалық қызмет түрлерінің бірі. Экономикалық қызмет — бұл өндірісті, сауда-саттықты, көлік, қызметтер, тұрмыстық қызмет көрсету және т.б. ұйымдастыруға бағытталған экономика саласындағы кез келген қызмет. Экономикалық қызмет өндірісті, бөлуді, айырбастауды және тұтынуды қосқандағы материалдық және рухани игіліктер үдерісінен көрініс табады.

