ҚҰМАНДАР СӨЗДІГІНДЕГІ ЖҰМБАҚТАРДАҒЫ ТҮРКІЛІК КОГНИЦИЯ

Авторлар

  • Боранбаев С.Р
  • Серкебаева Г.И

DOI:

https://doi.org/10.54251/2522-4026.2026.29.14qaz

Түйінді сөздер:

«Codex Cumanicus», сөздік, жұмбақтар, тілдік когниция, дүниетаным, метафора, бейне, сабақтастық

Аннотация

Мақалада «Codex Cumanicus» сөздігіндегі жұмбақтардың берілуіндегі түркілік
таным қарастырылған. Жұмбақтардың ішкі мазмұны мен семантикасында түркі жұртының
танымы, әлемнің тілдік бейнесін қабылдауы үлкен рөл ойнайды. Бүгінгі күнге дейін жеткен,
қазақ тілінде қолданылатын жұмбақтардың да лексикалық, семантикалық ортақтығын
көреміз. Мақалада түркі жұртына ортақ танымды аспан әлемімен, адамның өзімен,
табиғатпен, уақыт пен кеңістікті қабылдауымен түсіндіруге болады. Себебі қоршаған әлемді
барлық түркі жұрты бірдей қабылдайды және соған сәйкес жасырылған заттардың түрлі
белгілеріне қарай жұмбақ мәтіні құрастырылады. Ай, жұлдыз, аспан, бұлт, күн секілді
заттардың түр-түсіне, қасиеттеріне, белгілеріне, орналасқан жеріне орай жұмбақтар
жасырылады, соған сәйкес тыңдаушылар жасырушылардың ортақ коммуникативтік аялық
білімдері бір-бірін дұрыс түсініп, қабылдауға, жұмбақты шешуге мүмкіндік
береді.Адамның мінез-құлқы мен дене мүшелерін жасыруға, жүріс-тұрыстарын, табиғаттың
құбылыстарын жасыруға, уақыт, салмақ, аралық өлшемдерін жасыруға таным үлкен қызмет
етеді. «Codex Cumanicus» жазба ескерткіші құрамындағы жұмбақтар таным негізінде
осындай тақырыптарды қамтыған. Сонымен қатар жұмбақтардың жасалуына тірек болатын
заттың сынына, сапасына, түріне, қызметіне, қимылына назар аударып, олардың талдануы
қажеттігі көрсетілген. «Codex Cumanicus» ескерткіші түркі жұртына ортақ жәдігер
болғандықтан, таным да сол кезеңдегі түркілерге ортақ екендігі, сол кезеңдегі түркілік
таным бүгінгі күнгі жекелеген түркі тілдерінің тармақтарына, оның ішінде қазақ тіліне де
тән екендігі қамтылған. Мақала «Codex Cumanicus» және жұмбақтарға қатысты жазылған
зерттеулер қатарын толықтырады.

Загрузки

Жарияланды

2026-03-04

Шығарылым

Бөлім

ТІЛ БІЛІМІ ЖӘНЕ ӘДЕБИЕТ