ӘЛ-МУТАРРИЗИ ҒЫЛЫМИ МҰРАСЫНДАҒЫ ЛЕКСИКОЛОГИЯЛЫҚ МОДЕЛЬ ЖӘНЕ МЕТОДОЛОГИЯЛЫҚ ҚАҒИДАТТАР
DOI:
https://doi.org/10.54251/2522-4026.2026.29.18qazТүйінді сөздер:
әл-Мутарризи, ханафит мәзһабы, араб лексикографиясы, араб грамматикасы, фикһ, Әл-Муғриб, ортағасырлық филология, ислам ғылымыАннотация
Зерттеуде XII ғасырдағы көрнекті хорезмдік ғалым, ханафиттік мәзһаб өкілі Әбу әлФатх әл-Мутарризидің өмірі, ғылыми қызметі және еңбектері туралы кешенді талдау жасалынды.
Әл-Мутарризи араб тіл білімі, лексикография және фикһ салаларында терең із қалдырған ғалымдардың бірі болып табылады. Оның «Әл-Муғриб фи тартиб әл-Му‘риб» атты еңбегі араб филологиясындағы маңызды дереккөздердің бірі ретінде қарастырылады. Мақалада ғалымның өмірбаяны, білім алған ортасы, ұстаздары мен шәкірттері, сондай-ақ оның замандастарымен жүргізген ғылыми пікірталастары жан-жақты талданады. Оның негізгі еңбектері - «Әл-Мисбах»,
«Әл-Муғриб» және «Әл-Изах» — ғылыми тұрғыдан сараланып, олардың араб тіл білімінің дамуына қосқан үлесі айқындалады. Сонымен қатар қолжазба күйінде сақталған және жоғалған еңбектері туралы мәліметтер де қарастырылады.«Әл-Муғриб» сөздігінің құрылымдық жүйесі, сөздерді түбір негізінде әліпбилік тәртіппен орналастыру әдісі, фикһ терминдерін түсіндірудегі жаңашыл тәсілдері талданады. Автор Құран аяттарын, хадистерді және беделді тілші ғалымдардың еңбектерін пайдалана отырып, терминдерге ғылыми негізделген анықтамалар берген. Бұл еңбек фикһ пен тіл білімінің тоғысқан үлгісі ретінде ерекше мәнге ие.Зерттеу барысында Ибн Халлиқан, Йақут әлХамауи, әс-Суюти сынды классикалық дереккөздер мен Карл Броккельман сияқты шығыстанушы ғалымдардың еңбектері пайдаланылды. Тарихи-аналитикалық және салыстырмалы әдістер арқылы әл-Мутарризидің ғылыми мұрасы жан-жақты қарастырылды. Қорытындылай келе, әл-Мутарризи араб тіл білімінің және ханафиттік фикһтың дамуына елеулі үлес қосқан ғалым ретінде бағаланады.
Оның еңбектері қазіргі заманғы зерттеулер үшін де ғылыми маңызын сақтап отыр.

