АБАЙ ІЛІМІ МЕН ЖӘДИДШІЛДІК ИДЕЯЛАРДЫҢ ӨЗАРА ЫҚПАЛЫ

Авторлар

  • Таджиев Х.Х
  • Шекербек А.М

DOI:

https://doi.org/10.54251/2522-4026.2026.30.03qaz

Аннотация

Түйін: мақалада қазақ руханиятының көрнекті өкілі Абай Құнанбайұлының діни-философиялық ілімі мен түркі-мұсылман әлеміндегі ағартушылық бағыттағы жәдидшілдік идеяларының өзара мазмұндық сабақтастығы кешенді түрде қарастырылады. Зерттеу барысында Абай шығармаларындағы иман, Алла танымы, адам болмысы, рухани кемелдену мәселелері жүйелі талданып, ақынның діни көзқарасының мәні сыртқы ғибадат формаларынан гөрі ішкі сенім, жүрек тазалығы және ақылға негізделген таныммен тығыз байланысты екені айқындалады. Сонымен қатар, Абайдың діни танымындағы рационалдық сипат, діннің мәнін түсіндірудегі сыншыл ұстаным және діни білім беру жүйесіне қатысты көзқарастары жәдидшілдік ағымның ағартушылық, жаңашылдық бағыттарымен салыстырмалы түрде сараланады. Ақынның дінді соқыр сенімнен аршып, оның адамгершілік және рухани мәнін алдыңғы орынға қоюы жәдидшілдік идеялардағы «саналы дін», «жаңаша білім беру» ұстанымдарымен мазмұндық тұрғыдан үндес келетіні ғылыми негізде дәлелденеді. Мақалада Абайдың «толық адам» ілімі ерекше назарға алынып, оның негізін құрайтын ақыл, әділет, рақым категориялары арқылы кемел тұлға қалыптастыру концепциясы талданады. Бұл ілімнің жәдидшілдік ағымдағы тұлғаны рухани және интеллектуалдық тұрғыдан жетілдіру идеяларымен байланысы анықталады. Мақала барысында салыстырмалы-тарихи, герменевтикалық және мәтіндік талдау әдістері қолданылып, Абай мұрасы мен жәдидшілдік идеялардың өзара ұқсастықтары мен ерекшеліктері жүйеленеді. Нәтижесінде, екі бағыттың да түпкі мақсаты – адам санасын жаңғырту, иман мен білімді ұштастыру арқылы қоғамды рухани жетілдіру екені тұжырымдалады.

Загрузки

Жарияланды

2026-06-16

Шығарылым

Бөлім

ӨЛКЕТАНУ - ДІНТАНУ ЖӘНЕ АНТРОПОЛОГИЯ
24 PDF: 9