ТАРИХИ ЖӘНЕ ЗАМАНАУИ ЛАҚАП ЕСІМДЕРДІҢ ЛЕКСИКА-СЕМАНТИКАЛЫҚ ҰҚСАСТЫҚТАРЫ, ДӘСТҮР САБАҚТАСТЫҒЫ, ТАРИХИЛЫҒЫ

Авторлар

  • Баймурзаева К.Б
  • Абдугаппарова Р.М
  • Амандыкова С.Х

DOI:

https://doi.org/10.54251/2522-4026.2026.30.14qaz

Түйінді сөздер:

функция, коммуникатив, ономастика, антропонимика, лақап есімдер, кісі есімдері, поэзия, стихия

Аннотация

Мақалада қазақтың лақап есім беру дәстүрі қозғалады. Зерттеуде тарихымыздағы хан-сұлтандар, ел билеген көсемдер, ғұламалардың лақаптары және қазіргі заманғы өнер мен спорттағы өнерпаздардың лақаптары сөз болады. Аталған кезеңдер бойынша тұлғалардың лақап есімдерді пайдалану себептері, қойылу уәждері мен прагматикасы, олардағы дәстүр сабақтастығы айқындалады. Сондай-ақ, лақап есімдердің қоғамдық-саяси мәніне назар аударылады. Жұмыс қазақ антропонимикасы- ның бір тармағы лақап есімдер бөлімі бойынша жаңа ізденістерге жол ашпақ. Ономастика саласындағы этнолингвистикалық, тарихи және фоносемантикалық зерт- теулердің жандануына үлес қоспақ. Зерттеуде салыстырмалы-тарихи, сипаттамалы әдістер қолданылды. Тарихи және заманауи лақап есімдердің лексика-семантикалық ұқсастықтары, дәстүр сабақтастығы, тарихилығы айқындалды. Этнонимдер мен табу, эвфемизм сөздерден болған лақаптар лақап есімдердің ерекше бір тобы ретінде сипат- талады. Лақап есімдердің шығу тегі тым көнеден бастау алатыны және оның әлеуметтік құрылыстармен тікелей байланысы анықталды. Зерттеу нәтижелері этнография, лингвомәдениеттану және әлеуметтік лингвистикалық зерттеулерде қолданыла алады. Лақап есімдердің әйелдерге қарағанда ер адамдарда көбірек кездесетінін ұлттық діл, сонымен бірге, ұлттық және жалпыадамзаттық қоғамдық құрылыс тұрғысынан түсін- діріледі. Сондай-ақ, қазақтың лақап беру дәстүріндегі жеке тұлғаның және қоғамның рөліне назар аударылады. Лақап есімдердің қоғамдағы орны, қызметі әртүрлі заманалар тұрғысынан салыстырыла айтылады және дамуы сөз болады. Нәтижесінде лақап есім берудегі әр дәуірдің өзіне тән лексика-семантикалық, прагматикалық ерекшелігі мен сабақтастығы айқылдалды.

Загрузки

Жарияланды

2026-06-17
56 PDF: 11