«Зубдат әл-фикра фи тарих әл-хижра» тарихи-хроникалық шығармасындағы Берке хан туралы мәліметтер

Авторлар

  • Ташкараева А.М
  • Тулеубаева С.А
  • Сабитов Ж.М

DOI:

https://doi.org/10.54251/2522-4026.2026.31.01qaz

Түйінді сөздер:

Берке хан, Алтын Орда, Жошы Ұлысы, Байбарс әл-Мансури, мәмлүк тарихнамасы, ислам дінін қабылдау, деректану, Хулагу, дипломатиялық қатынастар

Аннотация

Мақалада мәмлүк дәуірінің тарихшысы Рукн ад-Дин Байбарс әл-Мансуридің «Зубдат әл-фикра фи тарих әл-хижра» хроникалық шығармасындағы Алтын Орда ханы Берке туралы мәліметтер деректанулық тұрғыдан жан-жақты талданды. Зерттеу барысында Берке ханның исламды қабылдау тарихы, Хулагу елханымен Терек өзені маңында болған әскери қақтығыс, Мысыр мәмлүк сұлтандығымен орнатылған дипломатиялық байланыстар мен елшілік хат алмасулары қамтылған үзінділер тарихи-салыстырмалы әдіс негізінде қарастырылды. Дереккөз мәтіні тұңғыш рет қазақ тіліне аударылып, оның мазмұндық және хронологиялық дәйектілігі анықталды. Мақала «Зубдат әл-фикра» шығармасының Жошы Ұлысы тарихын, атап айтқанда Берке ханның ішкі және сыртқы саясатын, Хулагу мемлекетімен қарым-қатынасын және Мысыр мәмлүктерімен орнатқан конфессиялық-саяси одағын зерттеудегі бастапқы дереккөз ретіндегі ғылыми құндылығын негіздеп, оны отандық тарих ғылымының деректік базасына енгізуге бағытталған.

Загрузки

Жарияланды

2026-09-14

Шығарылым

Бөлім

ҚАЗАҚСТАНТАРИХЫ
54 PDF: 33