ЖАПОН САМУРАЙЛАРЫ МЕН ҚАЗАҚ БАТЫРЛАРЫ: ТАРИХИ-САЛЫСТЫРМАЛЫ ТАЛДАУ (МИЯМОТО МУСАСИДІҢ «БЕС САҚИНА» ЕҢБЕГІ НЕГІЗІНДЕ)
DOI:
https://doi.org/10.54251/2522-4026.2026.31.10qazТүйінді сөздер:
Жапония, түркі әлемі, моңғол, самурай, батыр, әлеуметтік институттар, әскери дәстүр, қару-жарақ, этика, Миятомо МусасиАннотация
Түйін: Мақалада жапонтанушы Ердал Күчүкялчынның аудармасы бойынша XVII ғасырда өмір сүрген жапон самурайы Миямото Мусасидің «Бес сақина кітабы» (Книга пяти колец) еңбегіндегі тұжырымдар қарастырылады. Осы еңбектің негізінде самурайлар институты мен батырлар институтына тарихи-салыстырмалы талдау жасалады. Зерттеудің өзектілігі әр түрлі қоғамдық, тарихи-мәдени ортада қалыптасқан әскери сипаттағы әлеуметтік институттардың құрылымы, қызметі және тарихи рөлін салыстырмалы тұрғыдан зерделеудің маңыздылығымен айқындалады.
Зерттеудің мақсаты ̶ жапон самурайлары мен қазақ батырлары институтының қалыптасу ерекшеліктерін, қоғамдық орнын, олардың әскери қызметін, әлеуметтік мәртебесін, жауынгерлік дәстүрлері мен құндылықтар жүйесін зерттеу және талдау болып табылады. Зерттеу барысында тарихи - салыстырмалы әдіс, ғылыми талдау, герменевтикалық талдау, феноменологиялық ұстаным әдістері қолданылады.
Зерттеу нәтижесінде Жапония самурайлары мен Ұлы Дала батырлары әскери-іс, қоғамды қорғау мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету жүйесінде әскери-әлеуметтік институттар ретінде елеуді рөл атқарғаны анықталды. Сонымен қатар олар әскери тәртіптің, жауынгерлік дәстүрлердің және әскери құндылықтар жүйесінің қалыптасуына ықпал етті. Алайда олардың әлеуметтік қызметтері, тарихи маңызы мен қоғамдық орны әр қоғамның өзіндік саяси және мәдени жағдайларына байланысты қалыптасып, бір-бірінен елеулі дәрежеде ерекшеленді.
Зерттеудің ғылыми жаңалығы ̶ жапон самурайлары институты мен қазақ батырлары институты арасындағы ұқсастықтар мен айырмашылықтарды айқындау және тарихи-мәдени контекстегі қызмет ету ерекшеліктерін анықтаудан тұрады.

