ҚАЗАҚ ТОПОНИМДІК АҢЫЗДАРЫНДАҒЫ ТАРИХИ ЗООТОПОНИМДЕР

Авторлар

  • Қоңыратбаев O
  • Қоңыратбаева Ж
  • Джунисбаев А

DOI:

https://doi.org/10.54251/2522-4026.2026.31.03qaz

Түйінді сөздер:

топонимия, фольклор, топонимдік аңыз, қазақ жер-су атаулары, халық этимологиясы, тарихи зоотопонимдер, топонимдердің аталу уәжі

Аннотация

Зерттеудің мақсаты – қазақ тарихи зоотопонимдерінің аталу уәжіндегі топонимдік аңыздардың маңыздылығын саралап талдау. Мақалада жүз томдық «Бабалар сөзі» жинағына енгізілген үш түрлі зоотопонимге қатысты топонимдік аңыз нұсқалары сарапталады. Атап айтқанда, ғылыми ізденістерде түрлі пікір тудырып жүрген Тарбағатай, Қоңырқұлжа және Жыланды бұлақ атауларына негіз болған топонимдік аңыздардың мәнін ашуға ұмтылыс жасалып, атаулардың ғылыми этимологияда берілген түйіндеріне салыстырмалы зерттеу жүргізіледі. Себебі қандай да бір жер-су, тау-тас атауларының шығу төркінін іздестіруде топонимдік аңыздар халық этимологиясы деп саналып, көп көңіл бөліне бермейді. Шынтуайтында, ғасырлар бойы адам - табиғат - жан-жануар үштік байланысында өмір сүрген халықтың топожүйесі үшін топонимдік аңыздардың қосар үлесі зор. Мақалада тақырып нысанына қатысты ХІХ-ХХ ғасырларда жарық көрген, сондай-ақ соңғы уақытта жарияланған ғылыми-ақпараттық деректердегі тың ой-тұжырымдар сараланады. Нәтижесінде жер-су атауларының шығу төркіні мен этносемантикасын айқындауда ғылыми этимология жетістіктерімен қатар топонимдік аңыздардың да (халық этимологиясының) дәйекті материал бола алатындығы зерделенеді. 

Загрузки

Жарияланды

2026-09-14

Шығарылым

Бөлім

ҚАЗАҚСТАНТАРИХЫ
51 PDF: 20