ДӘСТҮРЛІ ҚАЗАҚ МӘДЕНИЕТІНДЕГІ ӘЙЕЛ КИІМІНІҢ ӘЛЕУМЕТТІК ҚҰНДЫЛЫҒЫ
DOI:
https://doi.org/10.54251/2522-4026.2026.31.14qazТүйінді сөздер:
қазақ мәдениеті, әйел киімі, тарихнама, этнография, құндылық, әлеуметтік фактор, аймақтық ерекшеліктерАннотация
Мақалада дәстүрлі қазақ қоғамындағы әйелдер киімінің зерттелу тарихы мен тарихнамалық даму кезеңдері зерделенеді. Әйел киімінің қалыптасуы мен даму тарихын зерделеу арқылы белгілі бір тарихи кезеңдегі қоғамның әлеуметтік жіктелуін, жас ерекшеліктеріне байланысты мәдени нормаларын, отбасылық-ғұрыптық қатынастарын және көркемдік дүниетанымын анықтауға болады. Зерттеу барысында әйел киімінің тек материалдық құндылық қана емес, сонымен бірге көшпенділер мәдениетіндегі әлеуметтік мәртебені, жас ерекшелігін және рулық-аймақтық белгілерді айқындайтын маңызды семантикалық ақпарат көзі екендігі тарихнамалық призма арқылы дәлелденген. Тақырыптың өзектілігі, зерттеудің мақсаты мен міндеттерінде қазіргі уақытта бұл бағыт кешенді түрде тарихи-генетикалық, этнографиялық, өнертанулық, мәдениеттанулық және семиотикалық әдістерді біріктіретін кешенді ғылыми салаға айналып отыр. Ғылыми тұрғыдан алғанда, дәстүрлі қазақ әйелінің киімі - қазақ этностың дүниетанымы мен мәдени кодын сақтаушы феномен. Ол эстетикалық сұлулықты, қатаң әлеуметтік иерархияны, діни-мифологиялық қорғанысты және көшпелі тұрмыстың практикалық қажеттіліктерін бір арнаға тоғыстырды.

