ОРТАҒАСЫР ЖАЗБА ЕСКЕРТКІШТЕРІНДЕГІ ҚЫПШАҚ АНТРОПОНИМДЕРІН САЛЫСТЫРА ЗЕРТТЕУДІҢ КЕЙБІР МӘСЕЛЕЛЕРІ

Авторлар

  • Боранбаев С.Р
  • Тоқполатова Т.Б
  • Сулейменова З.Г

DOI:

https://doi.org/10.54251/2522-4026.2026.31.16qaz

Түйінді сөздер:

Этногенез, қыпшақ антропонимдері, тілдік қатынас, тарихи сабақтастық, түркі тілдері, этноним, этимология, этнолингвистика

Аннотация

Қазіргі қазақ ономастикалық жүйесінің ежелгі қыпшақ атауларымен мәдени және тілдік сабақтастығын көрсету - өзекті мәселе. Себебі, тарихи тілдік этногенетикалық сабақтастықтың тереңдігін көрсету, қыпшақтар туралы пікірлерді тарату, қыпшақ тілінің заңдылықтарын түркі тілдерімен салыстыру барысында алынатын нәтижелер бірнеше ғасырды қамтитын қазақ тілінің тарихын таразылауды талап етеді. . Осыған байланысты қыпшақтардың дүниетанымы, әдет-ғұрпы, наным-сенімі, тұрмыс-тіршілігі, тасқа қашалған жазуы қазіргі қазақ тіліндегі көптеген антропонимдердің шығу тегін анықтау үшін өте құнды дереккөз екені дәлелденеді. Осы бағытта атқарылған жұмыстардың негізгі ғылыми нәтижелері мен қорытындылары, яғни көне қыпшақ тіліндегі антропонимдер мен этнонимдерді анықтау ортағасырлардағы қыпшақтар мен қазіргі қазақтар арасындағы тілдік және этногенетикалық байланыстарды, сабақтастықты анықтауға мүмкіндік береді. Осыған байланысты зерттеу жұмыстарының нәтижелері түркологияның орта түркі кезеңіндегі этнология мен тіл тарихы мәселелерін зерттеуге ықпал ете алады. Отандық және әлемдік түркологияның зерттеу нысанына айналған антропонимдердің тарихын анықтау түркі ономастикасына енген қажырлы еңбектер қатарынан табылары сөзсіз.Сондықтан қазақ ономастикасының басты мақсаты көне қыпшақ тіліндегі ономастикалық жүйенің этимологиясын анықтау арқылы антропонимдерге, этнонимдерге және этнотопонимдерге қатысты мәселелерді шешунегізгі бағыттардың бірі болуы керек.

Загрузки

Жарияланды

2026-09-14

Шығарылым

Бөлім

ТҮРКІТАНУ
32 PDF: 12