Журнал туралы
М.ӘУЕЗОВ АТЫНДАҒЫ ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН УНИВЕРСИТЕТІНІҢ «QAZAQTANÝ» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҒЫЛЫМИ ЖУРНАЛЫ
«QAZAQTANÝ» республикалық ғылыми журналы Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің Ақпарат комитетінде 2019 жылы 15 қаңтарда «Мерзімді баспасөз басылымын, ақпарат агенттігін және желілік басылымды есепке қою, қайта есепке қою туралы» бұйрығына сәйкес тіркеліп, №17493-Ж куәлігі берілді. Мұхтар Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университеті жоғарыда аталған куәлікке сәйкес 2019 жылы 30 қаңтарда №39-нқ бұйрығымен ғылыми басылымның редакциялық алқасын тағайындады. Ғылыми журналға ISSN 2708-0897 берілді. 2019 жылы 05 шілдеде №260 келісімшарт негізінде журнал Ресей ғылыми дәйексөз индексі (РИНЦ) базасына енгізілді. «Қазпошта» Акционерлік қоғамының Газеттер мен журналдар каталогына республикалық мекемелерге басылымдарды тарату мақсатында «QAZAQTANÝ» республикалық ғылыми журналы 76112 индексімен енгізілген.
Журналдың мақсаты: мақалаларда көтерілген мәселелерді терең түсіну және ауқымды зерттеулер жүргізу, қойылған міндеттерді іске асыру үшін қазақстандық ғалымдармен қатар шетелдік мамандар тартылатын халықаралық көпбейінді ұжымдарды құру негізінде ғылыми-зерттеу жұмысын жүйелеу, тарихи сананы қалыптастыруға, жаңа идеяларды таратуға ықпал ету. Ғылыми журнал гуманитарлық ғылымдар, педагогика, филология және шығармашылық бағыттар саласындағы ғылыми зерттеулердің нәтижелерін жариялау мақсатында құрылған. Журналда теориялық-талдамалық сипаттағы маңызды нәтижелер, практикалық маңызы бар ғылыми мақалалар, республикалық және халықаралық деңгейдегі өзге де ұйымдар мамандарының, педагог-ғалымдардың, магистранттар мен докторанттардың әдістемелік, қолданбалы және эксперименттік зерттеулері саласындағы өзекті мәселелер бойынша дискуссиялық материалдар жарияланады.
Журналдың тақырыптық рубрикалары:
Гуманитарлық ғылымдар бағыты: Қазақстан тарихы; Жалпы тарих; Өлкетану – археология және этнология; мәдениеттану және антропология, дінтану, қасиетті география, топонимика, топография, геральдика, өнертану; Философия; Құқықтану; Экономика; Әлеуметтану; Қазіргі Қазақстанның этносаяси және этномәдени процестері.
Педагогика ғылымдарының бағыты: Педагогика және оқыту әдістемесі; психология және инклюзивті білім беру.
Филология ғылымдарының бағыты: Түркітану; тіл білімі және әдебиет; когнитивті аспектіде тілді үйрену – мәдениетаралық қарым-қатынас негізі.
Журналда мақаланы жариялау мүмкіндігі туралы шешім журналдың редакциялық алқасының қорытындысы негізінде шығарылады. Алқаның құрамы М.Әуезов атындағы ОҚУ Басқарма төрағасы – ректордың бұйрығымен бекітілген. «QAZAQTANÝ» республикалық ғылыми журналы жылына 4 рет (әр тоқсан сайын) наурыз, маусым, қыркүйек, желтоқсан айларының соңында шығарылады. Жұмыс тілдері: қазақ, орыс, ағылшын.

