ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ САЛАСЫНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК САЯСАТЫ: НЕГІЗГІ ҮРДІСТЕР, ЖЕТІСТІКТЕР ЖӘНЕ МӘСЕЛЕЛЕР
Түйінді сөздер:
мемлекеттік саясат, стратегия, білім беру жүйесі, интеграция, Болон үрдісі, реформаАннотация
Мемлекетаралық қақтығыстар, пандемия, идеологиялық қайшылықтар, ақпараттық соғыстар түріндегі жаһандық өзгерістер мен мәселелердің салдарын еңсеру үшін тұрақты дамудың саясаты және стратегиясын заман талабына сай әзірлей білу, оны ұтымды іске асыру мемлекеттер үшін басты мақсат болып табылады. Білім беру саласы – бұл барлық мүдделі тараптардың өзара байланысын қамтитын көп деңгейлі күрделі жүйе болып табылады. Сондықтан, тиімді білім беру саясатын жүргізу – дәйектілікті, білім берудің міндеті мен мазмұнын айқындауды, халықаралық саясаттың өзгермелі жағдайына бейімдеуді талап етеді. Ұсынылып отырған мақалада, білім беру жүйесінің ерекшеліктері әлеуметтік - саяси институт ретінде қарастырылып, мәселенің теориялық негіздеріне талдау жасалынады. Білім беру жүйесіндегі қалыптасқан жағдайға талдау жасауға және білім беруді жүзеге асырудағы мемлекеттік саясаттың маңызды мәселелерін, негізгі бағыттарын зерделеуге басты назар аударылған.