НАХЖ УЛ ФАРАДИС ЖӘНЕ ӘДЕБИ ШЫҒАРМАДАҒЫ ӘРБӘҒИН ДӘСТҮРІ

Алтын орда әдебиеті

Авторлар

  • Хамидулла Таджиев ЮКУ имени М.Ауэзова

DOI:

https://doi.org/10.54251/2708-0897.2024.4.14qaz

Түйінді сөздер:

Алтын Орда, Нәһж ул-фәрадис, Махмұт Кердери, әрбәғин, әдеби дәстүр

Аннотация

Орта Азия мемлекеттерінің қалыптасу тарихында маңызды рөл атқарған дәуірлердің бірі  Алтын Орда кезеңі болды. Бұл кезеңнің қазақ тарихындағы орны мен әдеби мәдени мұраларын зерделеу өзекті мәселелердің бірі. Әсіресе, қазақтың ұлттық дүниетанымының қалыптасуына әсер еткен әдеби мұраларды ғылыми көпшілікке насихаттаудың орны бөлек. Міне, сондай әдеби жәдігерлердің бірі Махмұт бин Ғали әл-Бұлғари әс-Сараи әл-Кердеридің діни-дидактикалық сарында жазылған «Нәһж ул-фәрадис» (Жұмақтықтардың ашық жолы) атты еңбегі. Мақалада орта ғасырлық әдеби жәдігердің түркі мұсылман халықтары әдебиетіндегі алатын орны мен поэтикасы зерделенді. Сондай-ақ, шығарманың композициялық құрылымдық жүйесіне негіз болған ортағасырлық жазба мұраларда кеңінен қолданылған «әрбәғин» әдеби дәстүрі, оның тарихы, шығармадағы рөлі кеңінен сөз етіледі.

Загрузки

Жарияланды

2024-06-28

Шығарылым

Бөлім

ӨНЕР(МУЗЫКА; ХОРЕОГРАФИЯ, ТЕАТР)