БИДІҢ МИФОЛОГИЯЛЫҚ САНАСЫ МЕН СИМВОЛДЫҚ КӨРІНІСІ
DOI:
https://doi.org/10.54251/2708-0897.2024.4.11qazТүйінді сөздер:
хореография, Мифология, ғұрып, өрнек, символика, эстетика, бейнеАннотация
Мақалада қазіргі заманда ұлттық салт-дәстүрлер мен мәдени ерекшеліктерді сақтау және
зерделеу барған сайын маңызды міндетке айналғаны қарастырылған. Бұл тұрғыда қазақ халқының
тарихының, руханияты мен өзіндік санасының құрамдас бөлігі болып табылатын би мәдениеті ерекше
қызығушылық тудырады. Қазақ халқы үшін би тек ойын-сауық құралы немесе эмоцияны білдіру түрі
ғана емес, сонымен бірге оның рухани ұмтылысының, мәдени құндылықтары мен дүниетанымының
тікелей көрінісі.
Қазақ халқының дәстүрлі би тәжірибесі- әртүрлі діни, мәдени және ғұрыптық контексттерде
қолданылатын би формаларының алуан түрлілігі, сондай-ақ олардың символдық мәні мен тарихи
тамырлары кіреді. Ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып келе жатқан би ғұрыптары қазақтардың мәдени
мұрасының негізгі элементі болып табылады және олардың рухани болмысындағы зерттеу нысанын
білдіретіндігі, қазақтардың рухани идеялары мен діни сенімдерін ескере отырып, дәстүрлі би
ғұрыптарының символикасы мен мағынасын толықтай қарастырылғаныайтылған. Қазақтардың дінимифологиялық ғұрыптарындағы билердің рөлін және этностың рухани дамуына ықпалын түсіндірген,
заманауи өзгерістер мен ағымдардың дәстүрлі би әдет-ғұрыптарына ықпалын және олардың қазақ
руханиятымен байланысы бағаланған.