ҚАЗАҚ ЖАСТАРЫНЫҢ ЭТНОМӘДЕНИ САНАСЫН ҚАЛЫПТАСТЫРУДАҒЫ ИНСТАГРАМ ЖЕЛІСІНІҢ РӨЛІ (ҚАЗАҚ ТІЛДІ КОНТЕНТ МАТЕРИАЛДАРЫ БОЙЫНША)

Авторлар

  • Aliya Daniyar ENU

DOI:

https://doi.org/10.54251/2708-0897.2024.4.26qaz

Түйінді сөздер:

қазақ тілді аудитория, қазақ жастары, заманауи көзқарас, ұлттық таным, цифрлық мәдениет, медиа тілі, қазақша контент

Аннотация

Жаһандану дәуірінде әртүрлі медиа кеңістіктерді қамтитын және қоғам өмірі туралы ақпараттың негізгі көзі болып табылатын және жұртшылықты әлемдік жаңалықтармен хабардар ететін әлеуметтік желілер қарқынды дамып келеді. Атап айтқанда, «Instagram» әлеуметтік желісі жастар ортасының ажырамас бөлігі болып табылады. яғни, бір-бірімен қарым-қатынас жасау, бейне және фото жазбаларды жариялау, ойын-сауық, білім беру, көркемдік, танымдық және аудиовизуалды контенттің басқа да түрлерін қарау, оқу және тыңдау қазіргі заманғы үрдіске айналды. Бұл әлеуметтік желінің жас ұрпақтың ұлттық танымына, сөйлеу тіліне әсер ететіні белгілі. Бұл мақалада қазақ жастарының этномәдени санасына тілдік тұрғыдан инстаграм желісінің қалай әсер ететіні жайлы айтылады. Нақты қандай контенттің этномәдени лексиканы дұрыс қалыптастыруына үлес қоса алатыны қарастырылады.

Загрузки

Жарияланды

2024-09-28

Шығарылым

Бөлім

ТІЛ БІЛІМІ ЖӘНЕ ӘДЕБИЕТ