ЖОҒАРЫ СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫН КӘСІБИ ӨЗІН-ӨЗІ АНЫҚТАУЫН ҚАЛЫПТАСТЫРУ: ПЕРСПЕКТИВАЛЫ МАМАНДЫҚТАРҒА БАҒДАРЛА
DOI:
https://doi.org/10.54251/2708-0897.2024.4.17qazТүйінді сөздер:
жоғары сынып оқушылары, кәсіби бағдар беру, кәсіби өзін-өзі анықтау, перспективалы мамандықтар, педагогика-психологиялық сүйемелдеу, мамандық таңдауАннотация
Мақалада мектептің жоғары сатысы оқушыларын кәсіби бағдарлаудың кейбір жаңа тұғырлары мен шешімдері қарастырылған. Қазіргі қазақстандық мектептерде кәсіби бағдар беру жұмысындағы мәселелер талқыланған. Жоғары сынып оқушыларының кәсіби өзін-өзі анықтауының теориялық және практикалық аспектілері шетелдік және отандық ғалымдардың еңбектерінде талдау жасалынған. Оқушыларының кәсіби өзін-өзі анықтауын қалыптастыру жалпы білім беретін мектептің жоғары сыныптарында кәсіби бағдар жұмыстарын перспективалық мамандықтарға бағдарлау арқылы жаңа сапалық нәтижелерге көтеріледі деген идея ұсынылған. Жоғары сынып оқушыларының келешегі бар мамандықтарды таңдау жағдайы көп өлшемділікпен сипатталатындығы, мамандық дұрыс таңдау үшін оқушы аналитикалық жұмыстың үлкен көлемін жүзеге асыруы қажеттігі атап көрсетілген.
Арнаулы сауалнамаларды пайдаланыпжоғары сынып оқушыларының мамандық таңдауына әсер ететін негізгі факторлар, оқу орнын таңдаудағы ерекше ықыластары анықталған. Жоғары сынып оқушыларын кәсіби өзін-өзі анықтау процесін перспективалы мамандықтар таңдауға бағдарлаудың психологиялықпедагогикалық шарттары анықталған.